Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Тоқаев Каспий теңізін сақтап қалу үшін елдерді күш біріктіруге шақырды
Жаңалықтар

Тоқаев Каспий теңізін сақтап қалу үшін елдерді күш біріктіруге шақырды

НұрланНұрлан10.10.20264

Қазақстан Президенті бірлескен экологиялық жобаларды дамытуды, өзендердің су ағынын қалпына келтіруді және Тегеран конвенциясының тұрақты хатшылығын құру жұмысын аяқтауды ұсынды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

– Бұл жобалар теңіз акваториясын да, Каспийді сумен қамтамасыз ететін өзен алаптарын да қамтуы керек. Біз өзендердің су ағынын, атыраулары мен сулы-батпақты алқаптарын қалпына келтіріп, гидротехникалық құрылыстарды тиісті жағдайға келтіруіміз қажет. Бұл жұмысқа гранттар, жеңілдетілген несиелер және климаттық қаржыландырудың басқа да тетіктері қолдау көрсете алады әрі көрсетуге тиіс, – деп санайды Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Президент Тегеран конвенциясының тұрақты жұмыс істейтін хатшылығын құруды аяқтау қажеттігін атап өтті.

– Қабылданған шешімдердің сабақтастығын қамтамасыз ететін, қызметті үйлестіретін және жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық келісімдердің орындалуын бақылайтын тиімді тетік қажет. Қазақстан БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жұмысын жалғастырады. Өйткені ортақ міндетіміз – су ресурстарын жаһандық деңгейде басқарудың тиімділігін арттырып, сонымен бірге Каспийдің экологиялық жағдайына басымдық беру. Су қауіпсіздігі халықаралық күн тәртібінде азық-түлік, энергетикалық және климаттық қауіпсіздік мәселелерімен қатар лайықты орын алуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент атап өткендей, Каспий – мемлекеттік шекараларды мойындамайтын біртұтас экожүйе. Сондықтан халықаралық ұйымдар мен қаржы нарықтарындағы үйлесімді әрекеттерсіз ортақ табысқа жету мүмкін емес.

– Нәтижелі жұмыс істеу үшін қажетті жағдайдың бәрі бар: саяси диалог, халықаралық-құқықтық база, салалық институттар және елеулі ғылыми әлеует. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында халықтарымыздың өмірі, әл-ауқаты мен ортақ болашағының қайнар көзі саналатын Каспий теңізін сақтап қаламыз деп үміттенемін, – деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақстанда 16-24 жас аралығындағы қызметкерлердің жалақысы өсті
Next Article «Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026394

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.