Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті
Жаңалықтар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

НұрланНұрлан12.10.20262

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

«Kokshe Arena» спорт кешенінде халықаралық жарыстың ресми туы таныстырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған спорт фестивалі өтті.

Фестиваль алаңында үстел теннисін ойнауға арналған орындар, интерактивті ойындар, фотозоналар мен жергілікті өндірушілердің жәрмеңкесі жұмыс істеді.

Қолөнершілер мен өңір креаторларының көрмесінде авторлық бұйымдар мен шығармашылық жұмыстар ұсынылды. Келушілер шеберлердің еңбегімен танысып, олардың өнімдерін тамашалады.

Іс-шараның негізгі бөлімінде Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF)

ресми туы салтанатты түрде таныстырылды. Оны республикалық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы әрі жүлдегері Меруерт Тәжімова мен үстел теннисінен Ақмола облысының чемпионы Мансұр Құжынтаев алып шықты.Салтанатты рәсімге Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев қатысып,

өңірдің «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық эстафетасын қабылдауына куә болды.
Спорттық бағдарлама жас теннисшілердің көрсетілім ойындарымен, командалық жарыстармен және шапшаңдық пен дәлдікке арналған сайыстармен жалғасты. Қатысушылар үстел теннисінен бақ сынап, түрлі ойындар мен спорттық флешмобқа қатысты.

Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Геннадий Герасименко жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізді. Олимпиада ойындарына қатысқан теннисшілерді тәрбиелеген маман қатысушылармен кәсіби тәжірибесін бөлісті.

Мәдени бағдарламада «Көкшетау» халық би ансамблі, «КамАлия» спорттық-бал биі клубының бишілері Мәди Аманжол мен Кристина Ваганова, «Достар» мәдениет сарайының әншісі Дариға Исмағұлова және «Шамшырақ» ансамблінің квартеті өнер көрсетті.

«ROAD TO ASTANA 2027» жобасының басты нышаны саналатын ресми ту Қазақстанға Лондоннан жеткізілді. Еліміз оны 2026 жылы өткен әлем чемпионатында келесі біріншілікті қабылдайтын мемлекет ретінде алды. Қазақстандағы эстафета Өскеменнен басталып, Көкшетауда жалғасты.

Жоба аясында Бурабай курорттық аймағында да бейнетүсірілім жүргізілді. Әлем чемпионатының туы Ақмола облысының табиғи көрікті жерлерінде түсіріліп, бұл кадрлар халықаралық аудиторияға арналған бейнероликтер топтамасына енгізіледі.

Эстафетаның келесі аялдамасы – Ақтөбе қаласы. Мұнда да ресми туды таныстыру рәсімі мен үстел теннисі фестивалі өтеді. Ұлттық жоба еліміздің шығыс, солтүстік, батыс және оңтүстік өңірлерін қамтып, Астанада мәресіне жетеді.

2027 жылғы 22–30 мамырда Астанада Орталық Азия тарихында алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді.

Көкшетау
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев БАҚ өкілдеріне мәдени-гуманитарлық салада қол жеткізілген уағдаластықтар жөнінде әңгімеледі
Next Article Тойдан 100 млн теңге түсті: Ерсай қайын әпкелерінің кесірінен тағы ажырасатынын айтты

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026371

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.