Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстандықтар мемлекеттік жәрдемақылардан өз еркімен бас тартуда
Жаңалықтар

Қазақстандықтар мемлекеттік жәрдемақылардан өз еркімен бас тартуда

НұрланНұрлан12.10.20268
Фото: ЖИ

Қазақстанда материалдық жағдайы тұрақты азаматтар мемлекеттік жәрдемақылардан өз еркімен бас тарту туралы шешімдерін әлеуметтік желілерде жариялауда, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Олар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға алғыс білдіріп, әлеуметтік көмектің шын мәнінде мұқтаж отбасыларға бағытталуы маңызды екенін атап өтуде.

Көпбалалы ана Жанат әлеуметтік желідегі жазбасында мемлекеттен берілетін жәрдемақының отбасы үшін, әсіресе балалары кішкентай кезінде, үлкен көмек болғанын жеткізген. Қазіргі уақытта балалары өсіп, отбасының жағдайы жақсарғанын айтқан ол кейбір төлемдердің тоқтауына қарсылық білдірмейтінін атап өткен. Оның пікірінше, баланы дүниеге әкелудегі басты мақсат жәрдемақы алу емес, ұрпақ жалғастырып, балаларды аман-есен өсіріп, жақсы азамат етіп тәрбиелеу.

Сондай-ақ Лесхан Шаймерженов Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасында қазіргі жағдайының жақсы екенін айтып, алып жүрген жекелеген мемлекеттік жәрдемақылардан өз еркімен бас тарту туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Ол осы уақытқа дейін көрсетілген көмек үшін алғыс білдіріп, «Әр нәрсенің өз реті бар. Еліміз аман болсын!» деп жазған.

Аталған азаматтардың жазбалары қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілік пен өзара қолдау мәселесін күн тәртібіне шығаруда. Олардың ұстанымы бойынша, отбасының материалдық жағдайы өз қажеттіліктерін өз бетінше қамтамасыз етуге мүмкіндік берсе, мемлекеттік қолдаудан бас тарту арқылы көмекке мұқтаж азаматтарға басымдық беруге болады.

Сонымен қатар заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтардың мемлекеттік қолдауды пайдалануы заңды екенін атап өткен жөн. Ал төлемдерден өз еркімен бас тарту – әр азаматтың жеке шешімі. Мұндай бастамалар қоғамдағы әлеуметтік ынтымақтастық пен азаматтық жауапкершіліктің маңызын көрсетеді.

Төлемақы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТойдан 100 млн теңге түсті: Ерсай қайын әпкелерінің кесірінен тағы ажырасатынын айтты
Next Article Конституциялық реформалар билік пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа моделін қалыптастырды — сарапшы

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026329

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.