Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Президент бастамасымен 3 жылда балалардың құқығы мен мүддесін қорғауға арналған 11 заң қабылданды – Ерлан Қарин
Жаңалықтар

Президент бастамасымен 3 жылда балалардың құқығы мен мүддесін қорғауға арналған 11 заң қабылданды – Ерлан Қарин

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы12.10.20264

Фото: Ақорда

 Жиында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл – Құрылтай Төрағасының орынбасары Динара Зәкиеваның, Бас Прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиевтің, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың баяндамалары тыңдалды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кеңесте ең алдымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қабылданған 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» біртұтас тұжырымдамасын тиімді іске асыру мәселелері талқыланды.

Вице-Президент балалардың толыққанды дамуына жан-жақты жағдай жасау Мемлекет басшысы ұстанып отырған бағдардың негізгі бағытының бірі екенін атап өтті.

«Президент бастамасымен балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру сапасын арттыру, денсаулығын сақтау, әлеуметтік қолдау көрсету, өскелең ұрпақты конституциялық құндылықтар рухында тәрбиелеу бағытында тұтас шаралар кешені жүзеге асырылуда», – деді Ерлан Қарин.

Вице-Президент «Ұлттық қор – балаларға» президенттік бағдарламасы аясында үш жыл ішінде 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллардан астам қаражат аударылғанын еске салды. Сондай-ақ Президент бастамаларын іске асыру нәтижесінде соңғы 7 жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды.

Соңғы үш жылда Мемлекет басшысының бастамасымен балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған 11 заң қабылданды. Оның негізгілерінің бірі – 2024 жылы қабылданған әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң. Осы заңға сәйкес, алдын алу шаралары енгізіліп, зорлық-зомбылықтың барлық түріне жаза қатаңдатылды, сондай-ақ буллингке қатысты жауапкершілік белгіленді.

Қабылданған заңнамалық шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар саны азайды. Атап айтқанда, 2024 жылмен салыстырғанда аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға, ал жасөспірімдерді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу қылмыстарының саны 10 пайызға төмендеді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстардың да 10 пайызға азайғаны байқалып отыр.

Өңірлерде Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдіктері жұмыс істейді, бала құқықтары жөніндегі басқармалар құрылды, қорғаншылық органдарының штат саны ұлғайып келеді. Қалалар мен аудандарда 160 Отбасын қолдау орталығы ашылды.

Мектептерге мемлекеттік «111» байланыс орталығының QR-кодтары орнатыла бастаған 2024 жылдан бері балалар психологтары 186 мыңнан астам хабарлама мен 6 700 қоңырау қабылдаған. 9 мың жағдай бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетілді, ал 73 жағдайда суицидтің алдын алуға мүмкіндік туды.

Мәселелердің тағы бір бөлігі инклюзивті саясат мәселелеріне арналды. Қазіргі уақытта Президент тапсырмасы бойынша Құрылтай депутаттары мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдауды реттейтін заң жобасын әзірлеуде.

«Заңнамалық нормалардың декларативтік сипатта болмағаны, балаларды қолдау жүйесін жақсартуды, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін нақты тетіктерді көздеуі, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды дәл айқындауы аса маңызды», – деді Ерлан Қарин.

Бұған қоса Вице-Президент мүмкіндігі шектеулі жандарды кемсітудің алдын алуға және оған жол бермеуге бағытталған заңнамалық нормаларды әзірлеу қажет екеніне назар аударды.

Жиын соңында Ерлан Қарин балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету ішкі саяси жұмыстардың басым бағыты ретінде ерекше бақылауда болатынын атап өтті. Осыған байланысты Президент бастамаларының іске асырылу барысы республикалық кеңесте кемінде екі айда бір рет жүйелі әрі тұрақты түрде қаралатын болады. Сондай-ақ Вице-Президент балалардың құқығын қорғау саласында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардың орындалуына өңірлік деңгейде ай сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКонституциялық реформалар билік пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа моделін қалыптастырды — сарапшы
Next Article «Шаңырағыңыз биік болсын!»: Бельгия королі Тоқаевқа қазақша тіл қатты

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.