Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Сұлтан» фабрикасындағы өлім: 35 жастағы жұмысшы өндірістік құрылғының ішіне түсіп қаза тапты
Жаңалықтар

«Сұлтан» фабрикасындағы өлім: 35 жастағы жұмысшы өндірістік құрылғының ішіне түсіп қаза тапты

НұрланНұрлан13.10.202651
Фото: Ашық дереккөз

Петропавлдағы «Сұлтан» макарон фабрикасында 35 жастағы жұмысшы өндірістік құрылғының ішіне түсіп кетіп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 12 қазанда Петропавлдағы Труд көшесі бойындағы өндіріс нысандарының бірінде болған. Полиция жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Құқық қорғау органдары адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында оқиғаның нақты қалай болғаны және оған кім жауапты екені анықталмақ.

Petropavlovsk.news басылымының хабарлауынша, оқиға «Сұлтан» макарон фабрикасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қамыр илейтін құрылғыны тазалау кезінде жұмысшы оның ішіне түсіп кетіп, ауыр жарақат алған. Дереккөздің мәліметінше, ол осы өндіріс орнында көп жылдан бері еңбек еткен.

Оқиғаға қатысты түпкілікті қорытынды тергеу нәтижесінде жасалады. Әзірге жұмысшының өліміне әкелген жағдайлар мен жауапты тұлғалар туралы ресми толық ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кетейік, 2026 жылдың шілдесінде Aqtogai Milk кәсіпорнының аумағындағы кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде алты адам қаза тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, олар электр сорғысын жөндеген. Қаза болғандардың ең кішісі 16 жаста болған, тағы бір ер адам көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жеткізілген.

Кейін арнайы комиссия жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз екенін анықтаған. Атап айтқанда, қауіпті жұмыстарды қауіпсіз орындауға қажетті оқытудың жүргізілмеуі және жеке қорғаныс құралдарының болмауы сияқты бұзушылықтар анықталған.

адам өлімі макарон фабрика
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТеңге нығайды: Қазақстанда доллар бағамы қаншаға түсті?
Next Article Ақтөбедегі арсыздық: 28 жастағы қанішер жас қызды пышақтап өлтірді (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.