Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстан экономикасы 4,2%-ға өсіп, инвестиция көлемі 16,1 трлн теңгеге жетті
Жаңалықтар

Қазақстан экономикасы 4,2%-ға өсіп, инвестиция көлемі 16,1 трлн теңгеге жетті

НұрланНұрлан13.10.20263
Фото: ЖИ

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында 4,2%-ға өсіп, шикізаттық емес сектордың даму қарқыны 5,4%-ды құрады, ал негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 16,1 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Үкімет отырысында 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық өсімді қамтамасыз етуге және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Үкіметке экономиканың тұрақты әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырған.

Жиында қаржы-экономикалық блокқа кіретін министрліктердің басшылары есеп берді.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің мәліметінше, биылғы жылдың тоғыз айында Қазақстан экономикасы 4,2%-ға өскен. Бұл өсімге негізінен шикізаттық емес сектордың дамуы ықпал еткен. Аталған сектордың өсімі алдын ала бағалау бойынша 5,4%-ды құрады.

Экономиканың негізгі салалары арасында құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік қызметтері және сауда жоғары өсім көрсеткен. Осы төрт саланың жалпы ішкі өнімнің өсуіне қосқан жиынтық үлесі 75%-дан асады.

«Қазақстан экономикасы өсуін жалғастырып, оң динамиканы көрсетіп отыр. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4,2%-ды құрады. Өсім шикізаттық емес сектор есебінен қамтамасыз етілді, оның даму қарқыны алдын ала бағалау бойынша 5,4%-ға жетті», – деді Серік Жұманғарин.

Министр экономиканы кезең-кезеңімен әртараптандыру жұмыстарының нәтижесінде мұнай өндірудің жалпы ішкі өнім құрылымындағы үлесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 7,8%-ға дейін төмендегенін айтты.

Сонымен қатар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 14,1%-ға дейін өскен. Ал тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 12,4%-ды құраған.

Жеке инвестициялар 18,2%-ға өсті

Қазақстан экономикасының өсуіне негізгі капиталға салынған инвестициялар да ықпал етіп отыр. 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында инвестициялардың жалпы көлемі 16,1 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артқан.

Серік Жұманғарин инвестиция өсімінің басты ерекшелігі жеке капиталдың белсенділігі болғанын атап өтті. Оның айтуынша, жеке инвестициялар көлемі 18,2%-ға ұлғайған.

Жеке инвестициялардың жалпы көлемдегі үлесі 85,7%-ды құрады. Бұл ретте 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 9,4 млрд доллар болған.

Инвестициялардың айтарлықтай өсімі бірнеше салада тіркелген. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінде инвестициялар көлемі 40,1%-ға, құрылыста 32%-ға, ақпарат және байланыс саласында 29,2%-ға артқан. Денсаулық сақтау саласындағы өсім 20,4%-ды, ауыл шаруашылығындағы өсім 9,1%-ды құраған.

Осылайша, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан экономикасының өсімі шикізаттық емес сектордың дамуымен және инвестициялық белсенділіктің артуымен қатар жүрді. Үкімет отырысында экономикалық көрсеткіштермен бірге республикалық бюджеттің атқарылу барысы да қаралды.

өсті экономика
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖаркентте атыс болып, 33 жастағы ер адам оқ жарақатын алды
Next Article Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда сапар аясында халқымыздың мәдениетімен танысты

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026311

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.