Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда тең құқықты қамтамасыз етудің жаңа құқықтық тетіктері қарастырылып жатыр – Муслим Хасенов
Жаңалықтар

Қазақстанда тең құқықты қамтамасыз етудің жаңа құқықтық тетіктері қарастырылып жатыр – Муслим Хасенов

НұрланНұрлан14.10.20264
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстанда тең құқықты қамтамасыз етуге арналған және азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түрінен қорғауды көздейтін бірыңғай заң жобасы әзірленді. Заңнамалық бастама Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынысымен, БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен дайындалған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz . 

Құжаттың мазмұны мен оның адам құқықтарын қорғау тетіктерін дамытудағы маңызы туралы Варшавада өтіп жатқан ЕҚЫҰ Адами өлшем жөніндегі конференциясының тоғызыншы сессиясында Maqsut Narikbayev University Жеке құқық департаментінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Мүслім Хасенов айтып берді.

Сарапшының сөзінше, көпэтносты әрі көпконфессиялы Қазақстан үшін қоғамдық келісім мен өзара құрметтің маңызы ерекше. Алайда бұл қағидаттардың беріктігі әртүрлі қауымдастықтардың бейбіт қатар өмір сүруімен ғана емес, әр адамның құқығын қорғайтын тиімді тетіктердің болуымен де өлшенеді.

«Тек толеранттылықтың өзі теңдікті қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Инклюзивті қоғамның шынайы көрсеткіші – әр адамның тең құқықтар мен тең мүмкіндіктерге ие болуы және кемсітушіліктен тиімді қорғалуы», – деп атап өтті Мүслім Хасенов.

Сарапшының айтуынша, заң жобасын әзірлеу жұмыстары 2024 жылдың соңында аяқталған. Құжат кемсітушілікке қарсы іс-қимылдың бірыңғай құқықтық негізін қалыптастыруды, негізгі ұғымдарды жүйелеуді, сондай-ақ тең құқықтылықты қамтамасыз ететін процестік және институционалдық тетіктерді енгізуді көздейді.

2025 жылы жоба уәкілетті мемлекеттік орган жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында таныстырылған. Қазір құжат Қазақстан Үкіметінің қарауында.

«Бұл заңнамалық бастама Үкімет пен Парламент депутаттарының қолдауына ие болып, Қазақстанда кемсітушілікке қарсы кешенді заң қабылдауға жол ашады деп үміттенеміз», – деді Хасенов.

Қазақстанның құқықтық даму перспективалары туралы сөз қозғаған сарапшы елдің этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауда жинақтаған тәжірибесі тең құқықтылық саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге негіз болатынын айтты. Келесі қадам – әр адамның шыққан тегіне және жеке ерекшеліктеріне қарамастан өз құқықтарын пайдалануына мүмкіндік беретін нақты кепілдіктерді бекіту.

«Біздің келесі қадамымыз – осы құндылықтарды адамның шыққан тегіне немесе жеке ерекшеліктеріне қарамастан, әркімнің құқығын қорғайтын тиімді құқықтық кепілдіктерге айналдыру», – деп атап өтті Хасенов.

Сөз соңында сарапшы қоғамдық келісім мен құқықтық теңдіктің өзара байланысына назар аударды. Оның айтуынша, бұл екі қағидат бірін-бірі алмастырмайды, керісінше, өзара толықтырып, әр адамның қоғамдық өмірге толыққанды қатысуына жағдай жасайды.

«Толеранттылық бейбіт қатар өмір сүруге жағдай жасайды. Ал теңдік пен кемсітпеу қағидаттары әр адамның өз қадір-қасиетін сақтап, тең құқықтарды пайдалана отырып, қоғам өміріне толыққанды қатысуына мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Мүслім Хасенов.

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАқын Серікзат Дүйсенғазының отбасы қара жамылды
Next Article Сейсмологияға 76 млрд теңге қажет: әзірше небәрі 2,4 млрд теңге бөлінген

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.