Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Банкроттық па, әлде қарызды бес жыл ішінде өтеу ме – борышкерлердің қандай мүмкіндіктері бар?
Жаңалықтар

Банкроттық па, әлде қарызды бес жыл ішінде өтеу ме – борышкерлердің қандай мүмкіндіктері бар?

НұрланНұрлан16.10.20269
Фото: ЖИ

2025 жылы қазақстандықтар соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдеріне шамамен 159,4 мың өтініш берді. Бұл 2023 жылғы (77,3 мың) және 2024 жылғы (83,1 мың) көрсеткіштерден екі есеге жуық көп, деп хабарлайды Muztaumedia.kz .

Бір жағынан, банкроттыққа өтініштер санының артуы көптеген қазақстандық үшін қарыз жүктемесінің көтере алмайтын деңгейге жеткенін көрсетеді. Екінші жағынан, азаматтар мәселені шешудің заңды жолдары, соның ішінде банкрот мәртебесін алмай-ақ кредиторлар алдындағы берешекті өтеу мүмкіндігі туралы көбірек біле бастады.

Qazaq Expert Club сарапшысы, судья Динара Құйқабаеваның айтуынша, бұл үрдісті тек халықтың материалдық жағдайының нашарлауымен түсіндіру дұрыс емес. Азаматтар өз мүмкіндіктері туралы көбірек ақпарат ала бастады, сот тәжірибесі қалыптасып, заңнама жетілдіріліп жатыр.

«Бүгінде соттан тыс банкроттыққа өтінішті сотқа жүгінбей-ақ, eGov арқылы онлайн беруге болады. Алайда өтініштер саны банкрот деп танылған адамдардың санына тең емес. Өтініштер қайталанып берілуі мүмкін, ал рәсім заңда белгіленген талаптар сақталған жағдайда ғана қолданылады».

Банкроттыққа қатысты қоғамда әлі де көптеген жаңсақ түсінік бар. Сарапшының айтуынша, оны көбіне адамның жеке сәтсіздігі немесе қарыз бойынша жауапкершіліктен жалтару әрекеті ретінде қабылдайды. Алайда міндеттемелерін объективті себептермен орындай алмайтын адал азамат үшін бұл – кредиторлардың құқықтарын ескере отырып, ұзақ жылдарға созылған қарыз мәселесінен шығудың заңда қарастырылған жолы.

Дегенмен банкроттық – жалғыз шешім емес. Сарапшы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру дербес сот рәсімі екенін атап өтеді. *Ол банкрот мәртебесін алмай және оған байланысты шектеулерге ұшырамай, сот бекіткен жоспар бойынша қарыздарды реттеуге мүмкіндік береді.

Жоспарда төлемді бөліп төлеу, кейінге қалдыру, пайыздық мөлшерлемені төмендету және басқа да шаралар қарастырылуы мүмкін. Жалпы ереже бойынша оны орындау мерзімі бес жылға дейін созылады. Бұл рәсімге жүгінуге тұрақты табыстың болуы және (немесе) мүлік құнының барлық міндеттемелер сомасынан асуы негіз бола алады.

«Бұл рәсімге қызығушылықтың артқанын сот статистикасынан да көруге болады. 2025 жылдың алғашқы төрт айында төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы 1 788 өтініш және сот арқылы банкроттық туралы 1 273 өтініш түсті. Осылайша, аталған екі сот рәсімі бойынша өтініштердің 58,4%-ы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге қатысты болды. Бұл көрсеткіш тек сотқа берілген өтініштерді қамтиды және соттан тыс банкроттықты есепке алмайды».

Көптеген борышкер үшін кредиторлар алдындағы қарызын өтеу мүмкіндігін сақтап қалу маңызды. Бірақ төлемдерді нақты табысы мен қажетті шығындарын ескере отырып жоспарлау қажет. Мұнда жоспардың орындалу мүмкіндігі шешуші рөл атқарады: онда қарастырылған төлемдер борышкердің шамасына сай болуы тиіс.

Динара Құйқабаева үміт ұялататын статистиканы келтіреді: «2025 жылдың алғашқы төрт айында соттар банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы 764 іс бойынша шешім шығарды. Оның 445-інде, яғни 58%-дан астам жағдайда азаматтардың талаптары қанағаттандырылды. Бұл жерде барлық берілген өтініштер емес, сот шешімі шығарылған істер туралы айтылып отыр».

Сотқа жүгінудің өзі тиісті рәсімнің қолданылатынына кепілдік бермейді. Сот заңды негіздерді тексеріп, азаматтың табысын, шығыстарын, мүлкі мен міндеттемелерін бағалайды. Оның адалдығы да маңызды.

Мысалы, мүлікті немесе табысты жасыру, жалған мәліметтер ұсыну және банкроттықты міндеттемелерден жалтару үшін пайдалану әрекеттері күткен нәтижеге қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін. Өтініш беруші рәсімді теріс пайдаланбаған күннің өзінде, заң талаптарына сәйкес келмесе, оның өтініші қабылданбауы мүмкін.

«Біз өтініштер статистикасының артында қаржылық қиындықтардан шығудың заңды жолын іздеген адамдар тұрғанын әрдайым есте ұстаймыз. Қолданыстағы тетіктердің міндеті – адал азаматқа шамадан тыс қарыз жүктемесін еңсеруге көмектесу және сонымен бірге кредиторлардың заңды мүдделерін қорғау», – деп түйіндейді судья.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Мас болып, ақ костюмім қанға боялды»: Ұланғасыр Қами даулы видеосы туралы алғаш рет айтты
Next Article Ербол Мырзабосынов маңызды мәлімдеме жасады: Астанада халықаралық дода өтіп жатыр

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026376

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.