Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Халық жаппай көтеріліске шықты: полиция 400 адам ұстады
Оқиғалар

Халық жаппай көтеріліске шықты: полиция 400 адам ұстады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы18.10.202618

Фото: видеодан скриншот

Францияда жаппай тәртіпсіздікке байланысты 400 адам ұсталды. Бұл туралы бүгін кешке елдің ішкі істер министрі Лоран Нуньес мәлімдеді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

17 қазан, сенбі күні болған тәртіпсіздіктер кезінде 60 полицей жарақат алған. Олардың екеуі ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген. Лоран Нуньестің айтуынша, полицейлердің бірі тас төсемнің бөлшегімен ұрылғаннан жарақат алған.

Министр зорлық-зомбылық әрекеттеріне ультрасолшыл топтардың қатысы бар деп есептейді. Оның сөзінше, жүздеген, тіпті мыңдаған адамнан құралған топтар елдің әртүрлі аймағында полиция қызметкерлеріне жаппай шабуыл жасаған. Нуньес қауіпсіздік күштерінің әрекеті зорлық-зомбылыққа себеп болды деген пікірмен келіспейді. Сонымен қатар ол «күн әлі аяқталған жоқ» деп ескертті.

Париждің орталық ауданының мэрі Ариэль Вейль болған оқиғаларды «тонау көріністері» деп сипаттап, мұндай жағдайларды «сары жилеттер» қозғалысының наразылықтары кезінде де көрмегенін айтты.

BFMTV телеарнасының эфирінде ол бұрын-соңды мұндай ауқымдағы тонау оқиғаларына куә болмағанын жеткізді.

— Келтірілген залал мен тонау әрекеттерінің салдары өте ауыр болады деп қауіптенемін, — деді ол.

Сондай-ақ қала басшысы алдағы сағаттарға алаңдаушылық білдірді.

— Менің ойымша, қазір барынша жұмылып, жағдайға ерекше назар аударуымыз керек, — деді ол құқық қорғау органдарының шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп жатқанын айта отырып.

Оның сөзінше, полиция болып жатқан оқиғалар тіркелген барлық жерге бірдей жедел жетуде үлкен қиындықтарға тап болып отыр.

Ал Лимож қаласының мэриясы ғимаратында тәртіпсіздік кезінде бір топ адам шабуыл жасағаннан кейін өрт шықты. Жалын ғимараттың бір қанатын шарпып, шатырға дейін жеткен. Шатырдың тіреу арқалықтары опырылып кету қаупін төндіріп тұр.

Кешкі сағат 20:00 шамасында өрт сөндірушілер жалынның бүкіл ғимаратқа таралуына жол бермеу үшін жұмыс жүргізген. 1883 жылы ашылған тарихи ғимараттың сәулеттік жобасы Париж мэриясының үлгісінде жасалған.

Жүздеген адам өртті сырттан бақылап тұрған.

Франция премьер-министрі Себастьян Лекорню Ішкі істер министрлігінде ведомствоаралық дағдарыс штабының жұмысын басқарды. Оның құрамына Әділет министрі Жеральд Дарманен мен Ішкі істер министрі Лоран Нуньес те кірді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕт, көкөніс, сүт өнімдері: Астанада ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Next Article Алматыда интимдік қызмет ұсынған қыз клиентін соққыға жыққан

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202645

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202645

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026302

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202616

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20269

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.