Елден 45 миллиард теңгенің мұнай өнімдері заңсыз шығарылған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz .
Бұл жағдай Маңғыстау облысында болған.
Тергеу мәліметінше, кәсіпкер мұнайды шағын зауыттарда өңдеп, жалған құжаттар арқылы өнімді пеш отыны ретінде рәсімдеген. Кейін оны Ақтау порты арқылы танкермен шетелге жөнелткен.
2019–2023 жылдары шетелге 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі шығарылған;
Заңсыз операциялардың жалпы сомасы шамамен 45 миллиард теңгеге бағаланған;
Схемаға қатысқан бес адам сегіз жылға сотталған;
Олардың мүлкі тәркіленіп, мемлекет кірісіне 2 миллиард теңгеден астам қаражат өндірілген.
Ал схеманы ұйымдастырды деген күдікке ілінген адам халықаралық іздеуде жүр.


