Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Алматы облысында республика күніне орай 200-ден астам іс-шара өтеді
Жаңалықтар

Алматы облысында республика күніне орай 200-ден астам іс-шара өтеді

НұрланНұрлан22.10.20266
Фото: baq.kz

Алматы облысында Республика күніне орай зияткерлік ойындар және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері, спорттық жарыстар мен турнирлер, концерттер мен көрмелер, сенбіліктер мен қайырымдылық іс-шаралары, жалпы барлығы 200-ден астам іс-шара өтеді. Мереке қарсаңында бірқатар елді мекенде жаңа әлеуметтік нысандар ашылып, тұрғындардың игілігіне бағытталған жобалар іске қосылады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Жаңа әлеуметтік нысандар ашылады

Бүгін 22 қазанда Қарасай ауданының Қаскелең қаласында 20 отбасы баспаналы болды. Жыл соңына дейін тағы 46 отбасын тұрғын үймен қамту жоспарланған. Сондай-ақ Жармұхамбет ауылында тұрғындарды сапалы тіршілік нәрімен қамтамасыз ететін жаңа су жүйесі іске қосылды.

23 қазанда Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында 350 орындық жаңа мәдениет үйі ашылады. Екі қабатты ғимаратта көрермен залы, кітапхана, хореографияға арналған зал және шығармашылық үйірмелерге қажетті орындар қарастырылған.

Ал 27 қазанда Райымбек ауданының Нарынқол ауылында жаңа емхана пайдалануға беріледі. Төрт қабатты медициналық мекеме бір ауысымда 250 адамды қабылдай алады. Мұнда тұрғындарға күндізгі стационар мен оңалту бөлімшесінің қызметтері де қолжетімді болады.

 

Спорт додалары ұйымдастырылады

 22 қазанда Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылында веложарыс өтті. Оған аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінен 200-ден астам адам қатысты. Жарыс соңында ең жас және ең үлкен жастағы қатысушылар марапатталды.

Ал 22-24 қазан аралығында Іле ауданының Өтеген батыр кентінде Әлмерек баба жүлдесіне арналған республикалық самбо турнирі өтеді. Бозкілемде Қазақстанның 13 өңірінен, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген 250-ге жуық жас спортшы бақ сынайды.

 

Сенбілік, жәрмеңке және мерекелік жеңілдіктер

 17-29 қазан аралығында Алатау қаласындағы «Евразия», «Жетісу» және «Тоймарт» сауда орындарында «Republic Day» акциясы өтеді. Осы күндері тұрғындар түрлі тауарларды жеңілдікпен сатып ала алады.

23 қазанда Қарасай ауданының Елтай ауылында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 200 түп ағаш отырғызылады. Игі шара ауылдың көркін арттырып, жасыл желек көлемін көбейтуге және қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған.

Ал 24 қазанда Қонаев қаласындағы «Айша Сити» базарында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Мұнда жергілікті шаруалардың өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылады.

 

Мемлекеттік Ту көтеріліп, мерекелік концерттер өтеді

23 қазанда облыс орталығы Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде сағат 12:00-де мерекелік концерт өтеді. Көрермендер алдында Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова, Болат Әбділманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, Шәкәрім Алмасбек, Ұлжан Ағлақова, Нұрлан Әшімов және басқа да өнерпаздар өнер көрсетеді. Сондай-ақ «Ұлытау» тобы, «Алтынай» би ансамблі, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының ішекті-симфониялық камералық оркестрі, «Құлансаз» би тобы мен «Алатау әуендері» концерттік ұйымының өнерпаздары қатысады.

Мерекелік бағдарламада «Атамекен» бейне-хореографиялық прологы мен «Жерұйық» театрландырылған қойылымы ұсынылады.

Бұл күні мерекелік концерттер мен салтанатты жиындар Қонаев қаласынан бөлек Алатау қаласында, сондай-ақ барлық ауданда ұйымдастырылады.

Ал 25 қазанда орталық алаңда Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалады. Салтанатты рәсімнен кейін концерт өтеді.

 

Ірі инвестициялық жобалар іске қосылады

 Мерекелік шаралар 27 қазанда да жалғасады. Бұл күні Кеген ауданында екі ірі инвестициялық жоба іске қосылады.

Біріншісі – құны 2,5 млрд теңге болатын ет өңдеу комбинаты. Кәсіпорын бір ауысымда 15 тонна ет өңдеп, 1,5 мың келі шұжық және 1 мың банка консерві өндіре алады. Кешен құрамындағы мал сою цехында тәулігіне 50 басқа дейін ірі қара, 150 басқа дейін қой-ешкі және 10 жылқы союға мүмкіндік бар. Жаңа кәсіпорында 115 жұмыс орны ашылады.

Сол күні құны 2,8 млрд теңге болатын «Compass Group» автожанармай құю станциясы мен сервистік кешені де пайдалануға беріледі. Мұнда 80 адам жұмыспен қамтылады. Кешен халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен қатынайтын жолаушылар мен туристерге қызмет көрсетеді. Жобаға сәйкес, нысан жылына 800 мыңға дейін келушіні қабылдай алады деп күтілуде.

 

Мерекелік іс-шаралар туралы ақпаратпен аудан және қала әкімдіктерінің ресми сайттары және әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы таныса аласыздар. 

Алматы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
Next Article Алматыдағы «Esentai City» элиталы тұрғын үй кешенінде жарылыс болды (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202651

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026348

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.