Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Республика күні қарсаңында Жарқайың ауданында 1000-нан астам көшет отырғызылды
Жаңалықтар

Республика күні қарсаңында Жарқайың ауданында 1000-нан астам көшет отырғызылды

НұрланНұрлан23.10.20263
Фото: Жарқайың ауданы әкімдігі

Жарқайың ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында және Республика күні қарсаңында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ағаштар мен бұталарды отырғызу жұмыстары Державинск қаласында, ауданның ауылдары мен ауылдық округтерінде ұйымдастырылды. Жалпы 1000-нан астам көшет отырғызылды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Державинск қаласындағы Ардагерлер аллеясына 150 түп көк шырша, аудандық ауруханаға қарама-қарсы аумаққа 30 түп шетен бұтасы отырғызылды.

Фото: Жарқайың ауданы әкімдігі

Сонымен қатар қалаға кіреберіс аумақтарға тағы 150 түп көк шырша егілді. Ауданның ауылдық округтерінде де көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Фото: Жарқайың ауданы әкімдігі

Экологиялық акцияға аудандық мекемелердің өкілдері, зейнеткерлер, оқушылар мен тұрғындар қатысты. Туған өлкені абаттандыруға бірнеше ұрпақты біріктірген Ибраевтар отбасы да белсенді үлес қосты.

«Табиғатқа деген қамқорлық әрқайсымыздан басталады. Бүгін ағаш отырғызу арқылы біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағына үлес қосамыз. Жас ұрпақтың қоршаған ортаны қорғауды бала кезінен үйреніп, осындай игі істердің маңызын түсінуі өте маңызды», – деп атап өтті Төлеген Ибраев.

Фото: Жарқайың ауданы әкімдігі

Елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қала мен ауылдық округ тұрғындарының табиғатты қорғау және туған өлкені абаттандыру жолындағы ортақ үлесіне айналды.

ағаш республика күні
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Сен кетпеші, жүре тұршы»: Айгүл Иманбаева анасын жоғалтудан қорқатынын айтып, көзіне жас алды (ВИДЕО)
Next Article Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026350

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.