Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
Қоғам

«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы23.10.20261 045

Фото: скриншот

Бүгін Ақордада Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Президент әр салаға еңбегі сіңген азаматтарға мемлекеттік награда беріп, Республика күніне орай құттықтау сөзін айтты. Жоғары марапат алған адамдардың арасында халыққа кеңінен танымал композитор Алтынбек Қоразбаев та бар, деп жазады Muztaumedia.kz.

Салтанатты жиынның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін «Ақорда» бағдарламасының жүргізушісі Ақдариға Мұхаддас Алтынбек Қоразбаевтан сұхбат алған. Сұхбаттың шағын видеосы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының әлеуметтік желідегі парақшасында таралды. Алтынбек Қоразбаев сұхбатын бастамас бұрын, немересіне келін іздеп жүргенін айтып, қалжыңдаған.

«Немереме келін іздеп жүр едім», — дейді Қоразбаев әзілдей отырып.

Ал қалжың аяқталғаннан кейін Алтынбек Қоразбаев бұл марапатты тек өзінің ғана емес, өнердегі бүкіл композиторлардың марапаты деп атады. Соның ішінде ол Нұрғиса Тілендиев, Ескендір Хасанғалиев сынды алыптарды атады.

«Бүгін мен президенттің қолынан «Отан» орденін алдым. Бұл марапат менің ғана емес, бүкіл Қазақстандағы өнер азаматтарының марапаты деп сенемін. Ал артымнан ерген жастарға айтарым, елді сүйіңдер, халықты сүйіңдер. Қазақ елі туралы мәңгілік өлмейтін әндер жазыңдар», — деді Қоразбаев.

Айта кетейік, бүгін салтанатты жиын кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтынбек Қоразбаевтың атын ерекше атаған болатын.

«Осы мерекелік жиынға төл мәдениетіміздің көрнекті өкілі, белгілі сазгер, ұстаз Алтынбек Қоразбаев қатысып отыр. Оның әндері бірнеше буынның жүрегіне жол тауып, қазақ өнерінің алтын қорына қосылды. Мен бүгін Алтынбек Қоразбаевқа ең жоғары марапат – «Отан» орденін табыстаймын», — деген еді Тоқаев.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«9 жыл бір шаңырақ астындамыз»: Гүлзираның келіні бөлек тұруға қатысты ойын айтты
Next Article «Үлкен қуаныш»: Ресейде соғыс аймағына тап болған 12 жігіт елге оралды (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619

Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

23.10.2026552

«Мамам екеміздің қиналғанымызды жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығын жұртқа жайып салды (ВИДЕО)

23.10.2026976
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026307

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202617

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20269

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.