Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады
Жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады

НұрланНұрлан23.10.202614
Фото: Алматы әкімдігі

Республика күніне орай Алматыда мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтті. Қала әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін 89 алматылықты марапаттады. Марапат иелерінің қатарында өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық, медицина, білім беру, мәдениет және спорт салаларының өкілдері бар, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Қала басшысы құттықтау сөзінде 1990 жылғы 25 қазанда Алматыда Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған күннің ерекше тарихи маңызына тоқталды. Бұл құжат Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасуының саяси-құқықтық негізін қалап, елдің одан әрі даму жолын айқындады.

«Республика күні – мемлекеттілігіміздің, бірлігіміз бен ел болашағына деген ортақ жауапкершілігіміздің символы. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мерекенің ұлттық рухты, мемлекеттілікті, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтатынын атап өткен болатын. Бүгінде осы құндылықтарды сақтау, әр адамның еңбегін құрметтеу және Қазақстанның одан әрі дамуы жолында бірлесе жұмыс істеу айрықша маңызды», – деді Дархан Сатыбалды.

Оның айтуынша, Алматының экономикалық көрсеткіштері тұрақты өсіп келеді. Қала экономикасының көлемі 72 млрд долларға жуықтап, жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 30 мың доллардан асты.

Дархан Сатыбалды кәсіпорындардың, коммуналдық қызметтердің, көлік жүйесінің, медициналық және білім беру ұйымдарының жұмысын қамтамасыз етіп жүрген азаматтардың еңбегін ерекше атап өтті. Олардың қатарында инженерлер, құрылысшылар, кәсіпкерлер және басқа да мамандық иелері бар.

«Алматының басты күші – оның тұрғындары. Олар міндетін адал атқарып, балаларға білім беретін, адам өміріне араша түсетін, қалалық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін, жаңа кәсіпорындар ашып, мәдениетті дамытады. Олардың жауапкершілігі мен өз ісіне деген адалдығының арқасында қаламыз дамып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып келеді. Еңбек адамына құрмет көрсету қоғамымыздың басты құндылықтарының бірі болып қалуға тиіс», – деді Алматы әкімі.

Салтанатты рәсімде түрлі буын өкілдері мен әр сала мамандары марапатталды. Олардың қатарында өнеркәсіп және коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері, дәрігерлер, педагогтер, ғалымдар, мәдениет пен өнер қайраткерлері, спортшылар, кәсіпкерлер және қоғам қайраткерлері бар.

Атап айтқанда, өндірістік және техникалық сала мамандары – «Алматы Қала Жарық» компаниясының техникалық қызмет көрсету маманы Мақұлбек Күзембаев, «Алматыжылужайэнерго» кәсіпорнының слесарі Константин Попов және «АКҚЗ» кәсіпорнының техникалық директоры Туглук Худайбердиев III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.

Коммуналдық инфрақұрылым мен қоғамдық көлік саласының өкілдері, соның ішінде «Алматы тазалық» кәсіпорнының арнайы техника жүргізушісі Игорь Ганин мен «Алматыэлектротранс» компаниясының электробус жүргізушісі Жомарт Омаров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Мемлекеттік наградаларға медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары да ие болды. № 7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігері Виктор Караваев пен № 5 қалалық клиникалық аурухананың директоры Сәуле Төлегенова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ал № 19 қалалық емхананың директоры Кәмшат Айтқазина «Шапағат» медаліне ие болды.

Білім беру саласында №212 мектеп-гимназиясының директоры Бибігүл Әбішева, Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің директоры Күлжан Шажабаева және №110 мектеп-гимназиясының директоры Руфинат Әлдіғазы марапатқа ие болды. Сонымен қатар көлік, инженерлік және құрылыс салаларының мамандары да назардан тыс қалмады.

Мәдениет пен өнер өкілдеріне ерекше көңіл бөлінді. Музыканттарға, театр артистеріне, композиторларға, суретшілерге, кино саласы мен шығармашылық ұжымдардың өкілдеріне ордендер мен медальдар табысталды. Олардың қатарында «Алматы әуендері» мемлекеттік кәсіпорнының солисі Құдайберген Бекіш бар. Сондай-ақ спорт, ғылым, бизнес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері де марапатталды.

Ұсынылған тізімге сәйкес, барлығы 89 адам мемлекеттік наградалармен және құрметті атақтармен марапатталды. Олардың қатарында III дәрежелі «Айбын», «Парасат», «Құрмет» және III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерінің, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарының иегерлері, сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болған азаматтар бар.

Іс-шара барысында Алматының экономикалық даму нәтижелері де айтылды. Қаладағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі екі жыл қатарынан 1 трлн теңгеден асып отыр. Бүгінде 15 шағын өнеркәсіптік парк жұмыс істейді, ал шағын және орта бизнес саласында 860 мыңға жуық адам еңбек етеді. Негізгі міндеттердің қатарында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру және қоғамдық кеңістіктерді көркейту жұмыстары бар.

Салтанатты рәсім соңында Дархан Сатыбалды қатысушыларға кәсіби шеберлігі, адал еңбегі және ел алдындағы сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.

«Қазақстанның болашағы миллиондаған адамның күнделікті еңбегімен қалыптасады. Өз міндетін адал атқарып, жақындарына қамқорлық көрсететін, өзгелерге көмектесіп, қоғам игілігі үшін еңбек ететін әрбір азамат мемлекеттілігімізді нығайтуға үлес қосады. Барша алматылыққа зор денсаулық, бақ-береке, бейбіт өмір және Отанымыздың игілігі жолында жаңа жетістіктер тілеймін. Республика күні құтты болсын!» – деп Алматы әкімі қала тұрғындарын құттықтады.

Республика сарайында Республика күніне арналған мерекелік концерт те өтті. Салтанатты бағдарлама Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Сахнада Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева, Мейрамбек Бесбаев, Рамазан Стамғазиев, Медеу Арынбаев және басқа да танымал өнерпаздар өнер көрсетті. Концертке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі, AI Jazz Symphony оркестрі, Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы және би ұжымдары қатысты. Мерекелік бағдарлама аясында «Жаса Қазақстан», «Атамекен», «Мекенім Қазақстан», «Қазақ Елі» және басқа да музыкалық әрі хореографиялық қойылымдар ұсынылды.

Алматы мереке
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Үлкен қуаныш»: Ресейде соғыс аймағына тап болған 12 жігіт елге оралды (ВИДЕО)
Next Article Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.