Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Павлодарда стоматологияға барған үш жасар қыз комаға түсті
Оқиғалар

Павлодарда стоматологияға барған үш жасар қыз комаға түсті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы25.10.20264

Фото: Pixabay

Павлодарда үш жасар қыздың өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Туысының айтуынша, бала тісін емдету кезінде есінен танып қалған. Қазір ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Оқиға туралы қыздың туысы әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, 21 қазанда стоматологияда тісін емдетіп отырған жиенінің жағдайы күрт нашарлаған. Баланың көзі шарасынан шығып, тыныс алуы қиындаған.

Туысының сөзінше, анасының шыр-пыр болғанына қарамастан, стоматолог емді тоқтатпай, «қазір басылады» деп сендірген. Әйелдің мәлімдеуінше, клиника қызметкерлері алғашында жедел жәрдем шақыру туралы өтінішке бірден әрекет етпеген. Кейін жедел жәрдемді көрші кабинеттегі медбике шақырған.

Туысының айтуынша, қыз есінен танып, аузынан көбік аққан.

«Жедел жәрдем көлігінде баланың жүрегі тоқтап қалды. Облыстық балалар ауруханасында да жүрегі қайта тоқтаған», – деп жазды әйел.

Ол қыздың үш тәулік бойы ес-түссіз жансақтау бөлімінде жатқанын және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғанын айтты.

Клиника өкілдері барлық медициналық процедура бекітілген хаттамаларға сәйкес жүргізілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін ресми тексеру басталғанын хабарлады.

«Ресми тексеру аяқталғанға дейін клиника қызметкерлерінің кінәсі туралы қандай да бір қорытынды жасауға әлі ерте», – делінген стоматологияның түсініктемесінде.

Клиника науқастың емделуіне қатысты егжей-тегжейлі ақпарат беруден бас тартты. Мұны медициналық құпия мен пациенттің дербес деректерін қорғау қажеттілігімен түсіндірді.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2023 жылы туған қыз 21 қазанда сағат 15:45-те жедел жәрдеммен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Бала бірден жансақтау бөліміне жатқызылған.

«Бала жансақтау бөліміне аса ауыр жағдайда түсті. Қазіргі уақытта қыз өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, қарқынды ем қабылдап жатыр», – деп хабарлады басқарма.

22 қазанда павлодарлық дәрігерлер «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» (UMC) мен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының мамандарымен телемедициналық кеңес өткізіп, алдағы емдеу тактикасын пысықтаған. Ауруханада күн сайын консилиум ұйымдастырылып, баланың жағдайы бақылануда. Жағдайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы жеке бақылауына алған.

Ведомствоның ресми түсініктемесінде баланың комаға түскені және жүрегі екі рет тоқтағаны туралы ақпарат нақтыланбаған.

Қазір оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев қазақастандықтарды Республика күнімен құттықтады
Next Article Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінің финалына шықты

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202645

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202645

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026302

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202616

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20269

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.