Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Діни қауымдастық жетекшісіне жасөспірімдерге жыныстық зорлық көрсетті деген айып тағылды
Жаңалықтар

Діни қауымдастық жетекшісіне жасөспірімдерге жыныстық зорлық көрсетті деген айып тағылды

НұрланНұрлан27.10.202696
Фото: әлеуметтік желі

Ішкі істер министрлігі Исматулла Мақсұмға қатысты тараған мәліметтерден кейін сотқа дейінгі тергеу бастаған. Бұған дейін YouTube арналарында сопылық бағыттағы зікіршілер жамағатының жетекшісіне жасөспірімдерге жыныстық сипатта қысым көрсетті деген айып тағылғаны туралы ақпарат тараған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

ІІМ мәліметінше, қазір жарияланымдарда айтылған деректер мен оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

«Оның аясында барлық мән-жайлар тексерілетін болады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады ведомство.

Бұл жағдай журналист Жанар Байсемізге сұхбат берген Ақылбек Жұмабековтің мәлімдемесінен кейін қоғам талқысына түсті. Ол жамағат ішінде жасөспірімдерге қатысты осындай оқиғалар болғанын айтқан. Бұған дейін белсенді Абзал Достияровқа сұхбат берген адамдар да осыған ұқсас жағдайларды баяндаған.

«Сол жерде (сопылық жамағат арасында) жүргендердің бәрі де бұның шындық екенін біледі. Бірақ ешкім айта алмайды», – деген Жұмабеков Жанар Байсемізге берген сұхбатында.

Исматулла Мақсұмның бұрынғы шәкірттері оның бойында ерекше қасиет бар деп сенгендіктен, алғашында айтылған жайттарға күмәнмен қарағанын жеткізген. Олардың сөзінше, діни жетекшінің қасында күн сайын бір баладан түнеген. Бұрынғы шәкірттердің бірі кейін психикалық дертке шалдыққанын да айтқан.

Сондай-ақ олардың мәлімдеуінше, Исматулла Мақсұм балаларды болған оқиға туралы біреуге айтса, түрмеге қамататынын айтып қорқытқан.

Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аталған тұлғалардың ұйымға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта жарияланған айыптаулардың негізділігі мен істің өзге де мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Тергеу қорытындысы әзірге жарияланған жоқ.

дін имам
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Менен келіп көмек сұрады»: Көріпкел Каспийде опат болған сарбаздар туралы айтты
Next Article Тоқаев Президент Әкімшілігінде кадрлық өзгерістер жасады

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026370

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.