Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Елдің нағыз қожайыны — ресейліктер»: Екібастұз тұрғынының сөзі жұртты ашуландырды (ВИДЕО)
Жаңалықтар

«Елдің нағыз қожайыны — ресейліктер»: Екібастұз тұрғынының сөзі жұртты ашуландырды (ВИДЕО)

НұрланНұрлан28.10.202669
Коллаж: Muztau.media

Павлодар облысының тұрғыны әлеуметтік желіге бейнеролик жариялады. Өз сөзінде ол Ресей президенті Владимир Путиннен көмек сұрап, Қазақстанға да соғыс ашуын сұраған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Бұл ретте ол қазақтар өз «қожайынын» білуі керек деп мәлімдеп, қазақ халқына қатысты балағат сөздер айтады. Заңгер Мейірман Шекеев құқық қорғау органдарынан әйелдің сөздерін ұлттық алауыздық пен сепаратизмді қоздыру белгілеріне тексеруді талап етті. Ал бейнероликте ол өзін Ольга Мұхамеджанова деп таныстырды.

“Владимир Владимирович, Қазақстанға да әскер кіргізуіңізді сұраймын. Әрбір қазақ өзінің қожайыны кім екенін, орыс халқының кім екенін түсініп, біліп жүрсін”, – дейді автор.

Бұдан кейін әйел Ресей Қазақстанның өзі «ежелден орыстарға тиесілі» деп санайтын қалаларын қайтарып алады деп мәлімдейді.

“Мен орыс адамымын. Қазақстандағы қазақтардың өз пікірін білдіруге құқығы жоқ екенін мәлімдеймін”, – дейді ол.

Сөзінің соңында әйел өзімен пікірлес ресейліктерді видеоға лайк басуға шақырып, қазақ халқына қатысты былапыт сөздер айтады.

Заңгер Мейірман Шекеев осы бейнероликті өзінің парақшасына шығарды. Өз жазбасында ол Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Ішкі істер министрлігіне, бас прокуратураға және Павлодар облысының департаментіне осы оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізуді сұрады.

Заңгердің пікірінше, мұндай мәлімдемелерді тек жеке пікір білдіру ретінде қарастыруға болмайды. Шекеев құқық қорғау органдары әйелдің жеке басын анықтап, оның сөздеріне құқықтық баға беруі керек деп есептейді.

Атап айтқанда, ол бейнежазбадағы сөздерден Қазақстан Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша қылмыс белгілерінің бар-жоғын тексеруді ұсынды:

  • ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы – әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру.
  • ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабы – сепаратистік әрекет.

Құқық бұзушылық белгілерін анықтау үшін заңгер филологиялық және лингвистикалық сараптама тағайындауды ұсынды. Ол елдегі қоғамдық келісім мен тыныштыққа қауіп төндіруі мүмкін мәлімдемелерге тиісті құқықтық баға берілуі керек екенін атап өтті.

Путин Ресей
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Жастық шақ ішумен өтті»: Төреғали Төреәлі кезіндегі дөрекілік пен қателіктеріне өкінетінін айтты
Next Article «Сүйінші, үйлендік»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026302

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202645

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026302

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202616

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20269

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.