Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Автошеруді ұйымдастыру жұмыстарымен тек Боқаев айналысты – «ҚазТрансГаздың» бұрынғы бас директоры
Жаңалықтар

Автошеруді ұйымдастыру жұмыстарымен тек Боқаев айналысты – «ҚазТрансГаздың» бұрынғы бас директоры

НұрланНұрлан29.10.2026163
Фото: видео скриншот

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін сотта «ҚазТрансГаз» АҚ 2015-2020 жылдар аралығында басқарған Рустам Сүлейманов жауап берді. Компанияның бұрынғы басшысы өз жауабында бас директор кеңесшісі қызметін атқарған Боқаевтың өз бетінше әрекет еткенін және барлық шешімді өзі қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Сүлеймановтың түсіндіруінше, ол Боқаевты бұл қызметке өзі тағайындамаған және оның жұмысқа қабылдану мән-жайларын есіне түсіре алмады. Боқаев іс жүзінде компания басшысының кеңесшісі ретінде жұмысқа 2015 жылғы 30 қазан күні кіріскен. Ол кезде «ҚазТрансГаз» АҚ Қайрат Шәріпбаев басқарғаны белгілі. Кейін Боқаев Қоғаммен байланыс департаментінің жұмысын үйлестіріп, дербес әрекет еткен әрі жаңа басшылықты өз жұмысының жай-жапсары туралы хабардар етпеген.

Сүлеймановтың айтуынша, автошеру өткізу туралы тапсырма «жоғарыдан» – бас компаниядан түскен. Корпоративтік бюджет болмағандықтан, іс-шараны қаржыландыру кәсіподаққа жүктелген. Ал барлық жұмысты толығымен Боқаев үйлестірген.

Рустам Сүлейманов сотқа автошерудің қаржылық және ұйымдастыру жұмыстарынан хабарсыз болғанын айтты. Ол келісімшарттарды көрмеген, шығындар сметасын тексермеген және кәсіподақ комитеті отырыстарының хаттамаларын алмаған. Басшылық жұмыстың нәтижесін тек ұсынылған суреттер мен бейнематериалдар арқылы бағалаған. Сонымен қатар бұрынғы бас директор «WeCan» ЖШС директоры Жұлдыз Артықбаеваны да, «BM Trust» ЖШС директоры Мадияр Қалменовті де танымайтынын растады.

Боқаевтың өз бетінше әрекет еткені туралы жайттар бұған дейін кәсіподақтың бұрынғы төрайымы Зәуреш Маханованың сотта берген жауабымен де расталған болатын. Өткен отырыста ол жобаға «BM Trust» және «WeCan» компанияларын тартуды Санжар Боқаевтың өзі ұсынғанын мәлімдеген. Бұл ретте бас фигуранттың жиені Мадияр Қалменов қол қоюға сомалары алдын ала толтырылған дайын келісімшарттарды әкеліп отырғаны айтылды. Ал орындалған жұмыстарды растайтын құжаттарды Маханова тікелей Боқаевтың кабинетінен алып кетіп жүрген.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, осы схема арқылы іске қатысы бар тұлғалар кәсіподақ қаражатынан 42 миллион теңгені кедергісіз шығарып алған.

боқаев\
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Екеуі жарасып тұр»: Меруерт Түсіпбаева танымал актермен бірге көрінді
Next Article «Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026327

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.