Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Oi-Qaragai» тау курорты ТМД-дағы үздік курорт деп танылды
Жаңалықтар

«Oi-Qaragai» тау курорты ТМД-дағы үздік курорт деп танылды

НұрланНұрлан29.10.20264
Фото: «Oi-Qaragai»

«Oi-Qaragai» тау курорты жыл сайынғы халықаралық салалық Ski Business Awards сыйлығының қорытындысы бойынша ресми түрде «ТМД-дағы үздік курорт» атағына ие болды. Кәсіби ортада тау шаңғысы индустриясының «Оскары» деп аталатын бұл марапат курорттың Еуразия кеңістігіндегі жыл бойы демалуға және туризмді дамытуға арналған жетекші туристік бағыттардың бірі ретіндегі мәртебесін растайды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Жыл сайын беделді Ski Business Awards марапаты үшін ТМД елдерінен шамамен 250 үміткер бақ сынайды. Олар тау инфрақұрылымын дамыту мен қонақжайлылық саласындағы озық жетістіктерін ұсынады. Байқау мен салтанатты марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде Туристік аумақтар форумы (FTT) аясында өткізіледі.

Бұл ауқымды жоба туристік индустрияның 5 мыңнан астам маманын бір алаңға біріктіреді. Олардың қатарында қонақүй бизнесінің, HoReCa секторының, көлік саласының өкілдері, сондай-ақ курорттық және спорттық инфрақұрылымды әзірлеушілер бар. Форум қатысушыларға заманауи шешімдермен, озық технологиялармен және өңірлердің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысуға жол ашатын негізгі B2B алаңы саналады.

Биылғы басты марапат «Oi-Qaragai» курортының жүйелі дамуы мен халықаралық аренадағы көпжылдық жетістіктерінің заңды нәтижесі болды. Өткен жылы курорт командасының кәсіби жұмысы да жоғары бағаланып, Максим Козлов «Үздік маркетинг директоры» номинациясында жеңімпаз атанды. Бұған дейін курорттың қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігі де сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып, «Oi-Qaragai» «Үздік IT-шешім» және «ТМД-дағы үздік балалар лагері бағдарламасы» номинациялары бойынша марапатталған болатын.

«Бұл марапат — Алматı өңірінің, Қазақстанның және жалпы қазақстандық туризмнің Еуразия құрлығындағы осы бағыттың дамуына серпін беретін жетекші күш ретіндегі мойындалуы. Бұл — дұрыс бағытта келе жатқанымыздың дәлелі. Сонымен қатар, қол жеткізген жетістігіміз алдағы уақытта одан әрі дамуға, қызметтерімізді жетілдіруге және олардың қолжетімділігін арттыруға ынталандырады.

Біздің басым міндеттеріміздің бірі — қазақстандықтар үшін таудағы демалыстың қолжетімділігін арттыру. Біз “Отан” тарифін ұсынатын жалғыз курортпыз. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақстандықтар үшін курорттың барлық қызметі шетелдік туристерге қарағанда әдепкіде арзанырақ. Бұл тәсіл өзінің тиімділігін көрсетті. Біз осы бағыттан айнымай, алға қарай дами береміз», — деді «Oi-Qaragai» курортының бас директоры Александр Воронин.

Кәсіби қауымдастық пен FTT сарапшыларының тұрақты мойындауы курорттың жаңғыртуға, инновациялық қызметтерді енгізуге және отбасылық әрі белсенді демалысқа арналған бірегей, жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыруға деген үздіксіз ұмтылысын растайды.

курорт
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАлтын мен күмістің бағасы тағы да төмендеді
Next Article Мемлекет басшысы «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі аллеясын ашты

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026327

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.