Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Halyk Кремний алқабындағы компаниямен бірге жасанды интеллект орталығын ашады
Жаңалықтар

Halyk Кремний алқабындағы компаниямен бірге жасанды интеллект орталығын ашады

НұрланНұрлан30.10.20263
Фото: Halyk

Plug and Play компаниясымен серіктестік орнату банкке әлем бойынша 100 мың стартапты біріктіретін жаһандық экожүйеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Олардың технологиялары банк қызметтерін дамытуға, алаяқтықпен күресуге және суперапптың мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Қазақстандағы ең ірі банк Halyk Bank пен Plug and Play компаниясы Алматы қаласында жасанды интеллект саласындағы бірлескен құзырет орталығын құру туралы келісімге келді. Бұл бастама банкке де, Кремний алқабында орналасқан компанияның жаһандық желісіне кіретін стартаптарға да жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Бұл серіктестік бізге әлемнің түкпір-түкпіріндегі стартаптардың озық технологиялық шешімдерін Қазақстанға жүйелі түрде тартуға және Plug and Play компаниясымен бірге Halyk тобының басым даму бағыттары бойынша ұзақ мерзімді шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді. Біз жекелеген пилоттық жобалармен ғана шектелмейміз», – деді Halyk басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Көшенов ынтымақтастыққа қатысты пікір білдіріп.

Plug and Play компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Саид Амидидің айтуынша, компанияның тәжірибесі ірі қаржы институттарында құзырет орталықтарын құру инновацияларды енгізуге тың мүмкіндік беретінін көрсетеді.

«Стартаптар өз шешімдерін ірі қаржы институтына, оның жеке және бизнес-клиенттеріне ұсынуға мүмкіндік алады. Ал банк өз саласының алдағы онжылдықтағы дамуын айқындайтын технологияларды алғашқылардың бірі болып бағалай алады», – деп атап өтті Саид Амиди.

Ынтымақтастық арқасында жасанды интеллект саласындағы құзырет орталығы құрылады.

Plug and Play компаниясының арнайы тобы Halyk банкінің ішінде жұмыс істеп, стартаптарды іздеу және бағалау, сондай-ақ банктің басым міндеттерін шешуге арналған пилоттық жобаларды іске қосумен айналысады.

Жасанды интеллект саласындағы бірлескен құзырет орталығын құру Halyk пен Plug and Play арасындағы серіктестіктің келесі кезеңі болды. Биыл мамыр айының басында компаниялар стартаптар экожүйесін дамытуға, тәжірибе алмасуға және Орталық Азиядағы технологиялық жобалардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

қаржы сарапшы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Ұлылық ұясы»: Ғабит Мүсірепов музейі 35 жылдық мерейтойын атап өтті
Next Article Қазақстанда доллар бағамы тағы құлдырады

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026327

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.