Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Танымал британдық актер Патрик Стюарт 86 жасында қайтыс болды
Жаңалықтар

Танымал британдық актер Патрик Стюарт 86 жасында қайтыс болды

НұрланНұрлан30.10.20260
Фото: инстаграм

Британдық актер Патрик Стюарт Лос-Анджелестегі үйінде 86 жасында қайтыс болды. Ол 28 қазанда өмірден өткен. Бұл туралы дүниежүзілік БАҚ актердің отбасы жариялаған мәлімдемеге сілтеме жасап хабарлады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Актер «Star Trek: The Next Generation» сериалындағы капитан Жан-Люк Пикар және «X-Men» фильмдеріндегі профессор Чарльз Ксавье рөлдері арқылы кеңінен танылған. Ол Альцгеймер ауруы мен Леви денешіктері деменциясымен қысқа уақыт күрескеннен кейін көз жұмған.

1940 жылы Англияның Батыс Йоркшир графтығында дүниеге келген Патрик Стюарт актерлік мансабын 19 жасында бастаған. 1966 жылы беделді Корольдік Шекспир труппасына (Royal Shakespeare Company) қабылданды. Ал 2010 жылы Ұлыбритания патшайымы Елизавета II оған рыцарь атағын берді.

KNA агенттігінің мәліметінше, Патрик Стюарт қоғамдық мәселелерге де белсенді араласып, тұрмыстық зорлық-зомбылық және соғыс ардагерлерінің психологиялық денсаулығы секілді проблемаларға қоғам назарын аударған. Сонымен қатар босқындарды қорғап, жануарлар құқығын қолдаған.

«Star Trek» сериалында капитан Джеймс Кирк рөлін сомдаған канадалық актер әрі жазушы Уильям Шетнер Патрик Стюарттың қазасына байланысты X әлеуметтік желісіндегі парақшасында көңіл айту жазбасын жариялады.

«Мұның бәрі жанға қатты батты. Сэр Патрик Стюарт менің досым, әріптесім әрі керемет актер болды. Театр сахнасынан бастап Enterprise кемесінің капитан көпіріне дейін ол әр ісіне зерде, талғампаздық және терең адамгершілік сезімін дарытты. Капитан Пикар бойымыздағы ең жақсы қасиеттерді бейнеледі. Оны сомдаған адамның өзі де сондай еді. Мен оны және шығармашылығын шексіз жақсы көріп, құрметтедім», – деп жазды Уильям Шетнер.

адам өлімі актер британдық
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақстанда доллар бағамы тағы құлдырады
Next Article Ұлытау облысында JOLTAP әлеуметтік жобасын енгізу жоспарланып отыр

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026327

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.