Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Ұлытау облысында JOLTAP әлеуметтік жобасын енгізу жоспарланып отыр
Жаңалықтар

Ұлытау облысында JOLTAP әлеуметтік жобасын енгізу жоспарланып отыр

НұрланНұрлан30.10.20261
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының JOLTAP әлеуметтік жобасының табысты тәжірибесін еліміздің өңірлеріне тарату жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаев пен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Құрмет Саттыбаев Астана қаласына жұмыс сапарымен барып, жобаның іске асырылу тәжірибесімен танысты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Астана қаласының әкімдігі мен «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қоры бірлесіп жүзеге асырып жатқан жоба азаматтарды сұранысқа ие мамандықтарға тегін оқыту, жұмысқа орналасуына жәрдемдесу және кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың табысын арттыруға бағытталған.

Сапар барысында делегация қолданыстағы оқу бағдарламаларын, оқу процесін ұйымдастыру тәртібін, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл тетіктерін, сондай-ақ түлектерді оқу аяқталғаннан кейін қолдау жүйесін зерделеді.

Кездесуде JOLTAP жобасын Ұлытау облысында енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Елордада тиімділігін көрсеткен тәжірибені өңірдің экономикалық ерекшеліктері мен жергілікті еңбек нарығының қажеттіліктеріне бейімдеу жоспарланып отыр. Басым бағыттар қатарында өнеркәсіп кәсіпорындарына, шағын және орта бизнеске, қызмет көрсету саласына қажетті мамандарды даярлау, сондай-ақ тұрғындардың цифрлық дағдыларын дамыту бар.

Келесі кезеңде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды айқындау, жұмыс берушілермен өзара байланысты жолға қою және жобаны өңірде іске асырудың ұйымдастырушылық тетігін әзірлеу көзделген.

Басты міндет – азаматтарға жаңа мамандық меңгеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың жұмысқа орналасуына, кәсіби өсуіне және табысын арттыруына нақты жағдай жасау.

Мұндай бастамаларды енгізу халықты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге және Ұлытау облысының адами капиталын дамытуға ықпал етеді. 

ұлытау
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТанымал британдық актер Патрик Стюарт 86 жасында қайтыс болды
Next Article «Тастап кеткеніне өкініп, жылап аламын»: Медеу Арынбаев жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды

Оқи отырыңыз...

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026300

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202610
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202645

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026300

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202610

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202616

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20269

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.