Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды. Полиция марқұмның жеке басын анықтады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тәртіп сақшылары марқұмның 54 жастағы елорда тұрғыны екенін анықтады.
Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады, – деп хабарлады Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Қонаевтан Алматыға кеткен жасөспірім таудағы лашықтан табылды. Үйінен өз бетінше шыққан баланың қайда жүргені белгісіз болған. Құтқарушылар оны 2510 метр биіктіктен анықтады. рерайт сұхбат сөзі қалсын


