Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жатақханадағы былық: Ақтөбеде 16 жастағы студент терезеден құлап көз жұмды
Жаңалықтар

Жатақханадағы былық: Ақтөбеде 16 жастағы студент терезеден құлап көз жұмды

НұрланНұрлан04.11.20267
Фото: әлеуметтік желі

Ақтөбеде колледж жатақханасында 16 жастағы студенттің өліміне қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Айыптау нұсқасына сәйкес, төртінші курс студенті Нұрбақыт Бақытты түнде дүкенге бару үшін жатақхананың төртінші қабатындағы терезеден түсуге мәжбүрлеген. Жасөспірім төменге түсіп бара жатқанда құлап, ауруханада 42 күннен кейін көз жұмған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Оқиға 29 сәуірде Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің жатақханасында болған. Сол түні төртінші курс студенті Мәди Сүгербай бөлмеге кіріп, жасөспірімдердің бірін дүкенге жібермек болған. Алайда жатақханада ұйықтау уақыты басталып, есіктер құлыпталғандықтан, ол сыртқа шығудан бас тартқан.

Айыптау материалдарына сәйкес, содан кейін Сүгербай 16 жастағы Нұрбақытты терезеден түсіп, дүкенге баруға көндірген. Оған екі мың теңге мен қара сөмке берілген. Жасөспірімді төмен түсіру үшін бес төсек жапқышын бір-біріне байлаған.

Бастапқыда Нұрбақыт қорқып, бас тартқанымен, кейін төмен түсуге әрекет жасаған. Үшінші және төртінші қабаттың арасында төсек жапқышынан ұстай алмай, жерге құлаған. Бөлмедегі студенттер тәрбиешіні шақырып, полицияға хабар берген. Айыптау материалдарында Сүгербайдың басқа студенттерден полицияға Нұрбақыт өзі түсті деп айтуды сұрағаны да көрсетілген.

Жасөспірім ауруханаға жеткізілгенімен, 42 күннен кейін көз жұмды. Мәди Сүгербайға Қылмыстық кодекстің 119-бабы («Қауіпті жағдайда қалдыру») және 104-бабы («Абайсызда адам өліміне себеп болу») бойынша айып тағылған. Алайда ол кінәсін мойындамаған.

Сотта жоғары курс студенттерінің төменгі курсқа жаңадан келгендерді қорқытып, ұрып-соққаны туралы деректер белгілі болды. Куәгерлердің айтуынша, кейбір студенттер темір түтікпен, енді бірі жұдырықпен және шапалақпен соққыға жығылған. Алайда олар шағымдануға қорыққан.

Сот отырысында Сүгербайдың бұған дейін де студенттерді ұрғаны үшін жатақханадан шығарылғаны айтылды. Кейін ол қайта оралған.

Оқиғадан соң колледжде студенттерді қабаттарға бөліп орналастыру туралы шешім қабылданған.

Нұрбақыттың анасы Құлайым Қолова жатақхана мен колледж басшылығы да жауап беруі керек деп есептейді. Оның айтуынша, оқу орнында студенттердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген.

«Оларды жауапқа тартқым келеді. Мұнда студенттердің қауіпсіздігіне кепілдік жоқ, тәртіп те жоқ деп есептеймін. Балам өмір үшін күресіп жатқанда, тәрбиешілердің бірінен балаларға неге қарамағанын сұрадық. Ол “Бізді соттаса, соттай берсін, біз ұйықтап жатқанбыз” деп жауап берді. Жауапкершілік қайда? Мен баламды соларға сеніп тапсырдым», – дейді марқұмның анасы.

Оның сөзінше, колледж директоры отбасымен кездесіп, көңіл айтпаған. Ал басқа педагогтер отбасыға қолдау көрсеткен.

адам өлімі Ақтөбе
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Димаш орысша сөйлеуге міндетті емес!»: қазақстандық журналист ресейлік блогерге жауап берді
Next Article «Қазақтың Қыз Жібегі»: Алматыда Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Оқи отырыңыз...

Текеліде жолаушылар өткелінде 11 жастағы қызды экскаватор басып кетті (ВИДЕО)

04.11.20261

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Тоқаевтың кітабынан алған әсерлерімен бөлісуде

04.11.20262

Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады

04.11.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Текеліде жолаушылар өткелінде 11 жастағы қызды экскаватор басып кетті (ВИДЕО)

04.11.20261

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Тоқаевтың кітабынан алған әсерлерімен бөлісуде

04.11.20262

Жайдарман сахнасынан саясатқа: Мансұр Орынхан Мәслихат депутаттығына үміткер атанды

04.11.202612

Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады

04.11.20261

Белгілі ақын Гүлзада Ниетқалиева 61 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

04.11.20262

«Бақұл болыңыз, жақсы адамым!»: Гүлнәз Әлімгерей қаралы хабар жеткізді

04.11.2026171

Қайғылы жағдай: Жантүршігерлік жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

04.11.202616

«20 жылдан бері террористпін, КНБ мені таниды»: желідегі мәлімдемесі үшін екі әйел жауапқа тартылды (ВИДЕО)

04.11.2026374

«Балалы болыңдар!»: Дариға Бадықованың анасы күйеу баласына төс тартып, ақ батасын берді (ВИДЕО)

04.11.202632

«Қазақтың Қыз Жібегі»: Алматыда Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

04.11.202610

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.