Жақында шаңырақ көтерген Дариға Бадықова мен Олжас Абайды анасы үйіне «есік көрсетуге» шақырды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Күйеубала Олжасқа арнайы төс тартқан.
«Қазақта күйеу балаға “төс ұсыну”деген әдемі дәстүр бар. Бұл – ананың күйеу баласына деген құрметі мен сыйластығының белгісі.
Сондықтан салт-дәстүрден аттамай, бүгін анамыз Олжасқа төс ұсынды», — деп жазды олар желідегі парақшаларында.
Оқырмандар түрлі пікір қалдырды.
«Батыста төске ақша тастайды», «Дариғаның баласы ма?», «Дариға туып алса болар еді», «Түк болмағандай төс жеп отыр», «Бала-шағасын тастап мәз болып отыр», — деп жазды желі қолданушылары.


