Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Белгілі ақын Гүлзада Ниетқалиева 61 жасқа қараған шағында дүниеден өтті
Жаңалықтар

Белгілі ақын Гүлзада Ниетқалиева 61 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

НұрланНұрлан04.11.20262
Фото: әлеуметтік желі

Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті. Ол 61 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі жеткізді.

Гүлзада Ниетқалиева 1966 жылы 1 маусымда Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Көптоғай ауылында дүниеге келген. Гурьев педагогика институтының тарих факультетін тәмамдаған. Филология ғылымдарының кандидаты.

1987–2000 жылдары Құрманғазы ауданындағы мектептерде ұстаздық етті. Кейін Атырау облыстық телерадио компаниясында аға редактор, «Ақ Жайық» апталық газетінде аға редактор, «Қайсар» құқық қорғау органдары газетінде бас редактор қызметтерін атқарды. Сондай-ақ «Атырау» қоғамдық-саяси газетінде мәдениет, білім және денсаулық бөлімін басқарды.

Ақынның «Ақбота күнді аңсаумен», «Айдың сүттей сәулесі», «Қарлығашы Қиғаштың», «Ардақтым», «Жүректегі жанартау», «Хазар қасидалары», «Аллажар» атты жыр жинақтары жарық көрген. Бұдан бөлек, Есенғали Раушановтың шығармашылығына арналған «Тұма жырдың тұнығы» және Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығы туралы «Дара», «Жалғыз атты жолаушы» монографиялық еңбектерін жазған.

2017 жылы Ұлыбританияда ақынның «Жүректегі иман гүлі» атты Жаратқанға мінәжат дастаны жарық көрді.

2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай Атырау облыстық телерадио компаниясында «Махамбет-200» телехабарлар сериясын жүргізіп, «Қарой қасіреті» дастанын жазды.

Гүлзада Ниетқалиева – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері.

қаралы хабар
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Бақұл болыңыз, жақсы адамым!»: Гүлнәз Әлімгерей қаралы хабар жеткізді
Next Article Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады

Оқи отырыңыз...

Текеліде жолаушылар өткелінде 11 жастағы қызды экскаватор басып кетті (ВИДЕО)

04.11.20261

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Тоқаевтың кітабынан алған әсерлерімен бөлісуде

04.11.20262

Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады

04.11.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Текеліде жолаушылар өткелінде 11 жастағы қызды экскаватор басып кетті (ВИДЕО)

04.11.20261

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Тоқаевтың кітабынан алған әсерлерімен бөлісуде

04.11.20262

Жайдарман сахнасынан саясатқа: Мансұр Орынхан Мәслихат депутаттығына үміткер атанды

04.11.202612

Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады

04.11.20261

Белгілі ақын Гүлзада Ниетқалиева 61 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

04.11.20262

«Бақұл болыңыз, жақсы адамым!»: Гүлнәз Әлімгерей қаралы хабар жеткізді

04.11.2026168

Қайғылы жағдай: Жантүршігерлік жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

04.11.202616

«20 жылдан бері террористпін, КНБ мені таниды»: желідегі мәлімдемесі үшін екі әйел жауапқа тартылды (ВИДЕО)

04.11.2026371

«Балалы болыңдар!»: Дариға Бадықованың анасы күйеу баласына төс тартып, ақ батасын берді (ВИДЕО)

04.11.202632

«Қазақтың Қыз Жібегі»: Алматыда Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

04.11.202610

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.