Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады
Басты ақпарат

Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады

НұрланНұрлан04.11.20261
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Network School жобасының Қазақстандағы технологиялық экожүйенің қалыптасуына қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Президент еліміз технологияны терең меңгерген көшбасшылардың жаңа буынын тәрбиелеу үшін білім, ғылым және цифрлық құзыретке белсенді инвестиция салып жатқанына назар аударды.

Осы орайда, Мемлекет басшысы жобаның негізін қалаушыға жуырдағы Жолдауында жарияланған «Халықтық құрылыс» бастамасы келешек ұрпаққа маңызды әрі шын мәнінде салмақты мұра қалдыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Бағдарлама аясында жаппай әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, соның ішінде мектептер, университеттер мен медицина мекемелерін салу жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Network School Kazakhstan желісінің іске қосылуын және жобаның Қазақстан университеттерімен, стартаптарымен, сондай-ақ технологиялық кәсіпорындарымен серіктестікті кеңейту ниетін құптады.

Сонымен қатар Президент Astana AI Film фестиваліне инвестициялық тұрғыдан қолдау көрсеткені үшін Баладжи Шринивасанға ризашылығын білдірді.

Network School негізін қалаушы Қазақстанда озық технологиялық шешімдер мен экономиканың дәстүрлі салалары үйлесім тауып отырғанын айрықша атап өтті.

Баладжи Шринивасан Network School Kazakhstan жобасының басым бағыттарын таныстырды. Онда цифрлық шешімдерді ілгерілету, адам капиталын дамыту және инновациялық әзірлемелерді енгізуге қолайлы жағдай жасау көзделген. 

Ақорда Тоқаев
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБелгілі ақын Гүлзада Ниетқалиева 61 жасқа қараған шағында дүниеден өтті
Next Article Жайдарман сахнасынан саясатқа: Мансұр Орынхан Мәслихат депутаттығына үміткер атанды

Оқи отырыңыз...

Текеліде жолаушылар өткелінде 11 жастағы қызды экскаватор басып кетті (ВИДЕО)

04.11.20261

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Тоқаевтың кітабынан алған әсерлерімен бөлісуде

04.11.20262

Белгілі ақын Гүлзада Ниетқалиева 61 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

04.11.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Текеліде жолаушылар өткелінде 11 жастағы қызды экскаватор басып кетті (ВИДЕО)

04.11.20261

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Тоқаевтың кітабынан алған әсерлерімен бөлісуде

04.11.20262

Жайдарман сахнасынан саясатқа: Мансұр Орынхан Мәслихат депутаттығына үміткер атанды

04.11.202612

Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады

04.11.20261

Белгілі ақын Гүлзада Ниетқалиева 61 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

04.11.20262

«Бақұл болыңыз, жақсы адамым!»: Гүлнәз Әлімгерей қаралы хабар жеткізді

04.11.2026168

Қайғылы жағдай: Жантүршігерлік жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

04.11.202616

«20 жылдан бері террористпін, КНБ мені таниды»: желідегі мәлімдемесі үшін екі әйел жауапқа тартылды (ВИДЕО)

04.11.2026371

«Балалы болыңдар!»: Дариға Бадықованың анасы күйеу баласына төс тартып, ақ батасын берді (ВИДЕО)

04.11.202632

«Қазақтың Қыз Жібегі»: Алматыда Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

04.11.202610

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.