Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»31 жастағы балуанды той үстінде атып өлтірді
Жаңалықтар

31 жастағы балуанды той үстінде атып өлтірді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы16.11.20266

Фото: Әлеуметтік желі

Спортшы ауыр жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Әзірге жанжалдың неден шыққаны және атысқа не себеп болғаны белгісіз. Сондай-ақ Давудовтың жанжалға тікелей қатысқаны немесе оқиға орнында кездейсоқ болғаны туралы ақпарат жоқ.

Дағыстан Республикасы бойынша Ресей Тергеу комитетінің тергеу басқармасы спортшының қаза тапқанын растады. Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі («Кісі өлтіру») бойынша іс қозғалды. Тергеудің алдын ала мәліметінше, жанжал кезінде жергілікті тұрғындардың бірі спортшыға оқ атқан. Күдікті ұсталды.

Вацилов Давудов ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, Ресей мен халықаралық деңгейдегі бірқатар жарысқа қатысқан. Оның басты жетістіктерінің бірі – 2023 жылғы самбодан Ресей чемпионатындағы қола жүлде. Сонымен қатар ол Ресей кубогының жүлдегерлері қатарынан көрініп, дзюдодан Еуропа кубогында жеңіске жеткен.

Ресейлік спортшының қазасы Бүкілресейлік самбо федерациясының басшылығы үшін күтпеген жағдай болған. Ұйым президенті әрі Еуропалық самбо федерациясының жетекшісі Сергей Елисеев «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында Давудовтың адамгершілік қасиеттерін атап өтті.

«Ол ауыр салмақта Ресей чемпионатының жүлдегері атанған. Әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен аса танымал спортшылардың қатарында болмаса да, ел чемпионатында жүлде алған. Өзі өте қарапайым, мәдениетті жігіт еді. Ол туралы жаман ештеңе айта алмаймыз. Әрине, өте өкінішті. Осындай жаста, түсініксіз жағдайда қаза табу… Шынымды айтсам, бұл жағдайға таңғалып отырмыз», – деді Елисеев.

Вацилов Давудов небәрі 31 жаста еді. Қазір тергеу органдары Махачкаладағы тойда болған оқиғаның мән-жайын анықтап, спортшының өліміне кінәлі адамдардың жауапкершілігін қарастырып жатыр.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБелгісіз дерттен жақындарын танымай қалған: қазақстандық стюардесса Кувейтте ауыр халде ауруханада жатыр
Next Article Тоқаев Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Оқи отырыңыз...

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202614

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20260

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202658
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202614

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.20266

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20260

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20260

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202683

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202658

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202638

«Мінезі жоқ, өзін таппаған»: Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановты сынап тастады (ВИДЕО)

16.11.202628

102 млн теңге табыс: Астанада лицензиясыз жұмыс істеген ломбардқа қатысты заңсыз әрекет анықталды

16.11.20264

Тұрмыстық зорлықтың алдын алу: заң күшейді, бірақ ол жеткілікті ме?

16.11.20265

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.