Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Атырауда қызылшадан бір жасар сәби көз жұмды: Оған кардиохирург екпе салуға тыйым салған
Жаңалықтар

Атырауда қызылшадан бір жасар сәби көз жұмды: Оған кардиохирург екпе салуға тыйым салған

НұрланНұрлан17.11.20261
Фото: baq.kz

Атырау облысында қызылша жұқтырған бір жастағы бала қайтыс болды. Дәрігердің айтуынша, сәбидің ата-анасы туа біткен жүрек ақауына байланысты оған вакцина салдырудан бас тартқан, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Дәрігер Жұлдыз Қоспанова әлеуметтік желідегі парақшасында қайғылы жағдай 16 қарашада болғанын жазды.

«Сағат үште Атырау облысында бір жастағы бала қызылша инфекциясынан көз жұмды. Ата-анасы баласына туа біткен жүрек ақауы, қарыншааралық перде ақауы диагнозы қойылғандықтан екпе салдырудан бас тартқан. Кардиохирург баланы вакцинациялауға тыйым салған», – деп жазған дәрігер.

Маманның сөзінше, бала туа біткен жүрек ақауы мен қарыншааралық перде ақауына байланысты вакцина алмаған. Бұған дейін дәрігер сәбидің қызылша жұқтырып, ауруханаға түскенін хабарлап, оның сауығып кетуіне үміт білдірген еді.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы баланың қайтыс болғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, 14 қарашада сәби Жылыой ауданынан санитарлық авиация арқылы облыстық инфекциялық ауруханаға жеткізілген. Оған дейін бала аудандық ауруханада ем қабылдаған.

«Бала ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті. Негізгі ауруының асқынуынан екі өкпесі қабынып, тыныс алу және жүрек жеткіліксіздігі дамыды. Дәрігерлер оған қарқынды ем жүргізгенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, денсаулық сақтау басқармасы ресми хабарламасында сәбидің өліміне қызылша себеп болғанын нақты көрсетпеген. Сондай-ақ ведомство дәрігер айтқан ата-ананың вакцинациядан бас тартуы туралы мәліметке де түсініктеме бермеді.

атырау бала өлімі
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМемлекеттік қарыздың салмағы артты: Қазақстан шығындары 20,6 пайызға көбейді
Next Article СҚО-да ер адам суицид жасады, мұны көрген әкесі де өзіне қол жұмсамақ болды

Оқи отырыңыз...

СҚО-да ер адам суицид жасады, мұны көрген әкесі де өзіне қол жұмсамақ болды

17.11.20260

Мемлекеттік қарыздың салмағы артты: Қазақстан шығындары 20,6 пайызға көбейді

17.11.20261

Студент қазасынан кейін министрлік ҚазҰУ-ға кешенді тексеріс жүргізеді

17.11.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

СҚО-да ер адам суицид жасады, мұны көрген әкесі де өзіне қол жұмсамақ болды

17.11.20260

Атырауда қызылшадан бір жасар сәби көз жұмды: Оған кардиохирург екпе салуға тыйым салған

17.11.20261

Мемлекеттік қарыздың салмағы артты: Қазақстан шығындары 20,6 пайызға көбейді

17.11.20261

Студент қазасынан кейін министрлік ҚазҰУ-ға кешенді тексеріс жүргізеді

17.11.20260

Қамбаға 2 млн тоннадан астам өнім түсті. Алматы облысында күзгі жиын-терім жалғасуда

17.11.20261

57 миллион теңгелік корпоратив пен қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражат – Боқаевтың сотында не анықталды

17.11.20263

Бестөбедегі алтын кенішінде тағы бір адам қаза тапты

17.11.20263

«Умра оған не керек?»: Тұрсынбек Қабатовқа жасалған тосын сый елдің сынына қалды (ВИДЕО)

17.11.202645

«Кеудедегі қос анар»: Төреғали Төреәлі мен Балжан Бидаш Threads желісінде сөз қағыстырды

17.11.20268

Қазақстан азаматын АҚШ билігі қауіпті қылмыскер ертінде ұстатып, күшпен алып кетті

17.11.20262

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.