Қазақстан Республикасының Құрылтайындаонлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заң жобалары біріншіоқылымда қаралды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Түзетулер азаматтардың құқықтарынқорғауға, балалардың интернеттегі қауіпсіздігінарттыруға, ақпараттық ортаның ашықтығынқамтамасыз етуге және онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтугебағытталған.
Онлайн-платформалардыңпайдаланушылар алдындағыжауапкершілігі артады
Онлайн-платформаларды Қазақстандаөкілдік ашуға міндеттеу, сондай-ақ құқыққақайшы контентті жою туралы нұсқамалардыорындамағаны үшін жауапкершілік белгілеуұсынылады.
2026 жылдың 10 айында құқыққа қайшы128,5 мың материал анықталып, олардың 70 пайызға жуығы жойылды.
Сондай-ақ жазылушыларының саны бес мыңнан асатын пайдаланушылар мен жарияқоғамдастықтарды сәйкестендіру тетіктерікөзделген.
Балалардың интернеттегі қауіпсіздігінеқойылатын талаптар күшейеді
Қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру үшін16 жасқа толмаған балалардың онлайн-платформаларда тіркелуіне шектеу қою жәнепайдаланушылардың жасын тексеру тетіктеріненгізу ұсынылады.
Бұл шектеулер ата-анамен, жақындарменжәне мұғалімдермен байланысуға арналғанмессенджерлерге қолданылмайды.
Онлайн-кинотеатрлардың қызметізаңмен реттеледі
Теле- және радиоарналардыаудиовизуалды платформалар арқылытаратуды лицензиялау, сондай-ақ онлайн-кинотеатрлардың Қазақстандағы заңдыөкілдерін айқындау көзделген.
Бұл медианарық қатысушыларыныңбарлығына ортақ әрі түсінікті тәртіп белгілеугемүмкіндік береді.
Азаматтардың құқықтарын қорғаутетіктері күшейтіледі
Заң жобаларында азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, сондай-ақ өзбейнесіне құқығын қорғаудың қосымшакепілдіктері көзделген.
Онлайн-платформаларда жала жапқаныүшін, сондай-ақ масс-медиада және онлайн-платформаларда былапыт сөздер қолданғаныүшін әкімшілік жауапкершілік енгізуұсынылады.
Сонымен қатар мемлекеттік органдардыңбұқаралық ақпарат құралдарындажарияланатын ресми жауаптарын арнайыбелгімен көрсету, оқыту курстары мен оккульттік қызметтер туралы ақпараттыңашықтығын арттыру көзделген.
Жалпы, бұл заңнамалық бастамаларцифрлық ортаның қауіпсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге, ондағыжауапкершілікті күшейтуге, сондай-ақазаматтардың, мемлекеттің жәнемедианарық қатысушыларыныңмүдделерін үйлестіруге бағытталған.


