Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»«Жауына да бұлай жасамас»: жазушы Бексұлтан Нұржекеев оқушылар министрлердің экспериментіне айналғанын айтты
Басты ақпарат

«Жауына да бұлай жасамас»: жазушы Бексұлтан Нұржекеев оқушылар министрлердің экспериментіне айналғанын айтты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы21.11.2026153

Мектеп оқушысына университеттің тапсырмасын тықпалаған, сауатсыз жазылған, баланың ынтасын қашыратын оқулықтар көбейді, деп жазады Muztaumedia.kz.

Қазақтың белгілі жазушысы Бексұлтан Нұржекеев бастауыш сыныпта оқыған өлең-жырды күні бүгінге дейін ұмытпағанын алға тартып, қазіргі жас буынның кеше оқығанын бүгін есте сақтай алмауының басты себебін қазіргі білім беру жүйесінен көрді. Оның айтуынша, бағдарлама жасаушылар баланың қабылдау психологиясын ескермей, жас шыбықтай өрімдей сананы қажетсіз ақпаратпен толтыруға әуестеніп кеткен.

Жазушы өз немересінің үй тапсырмасын орындау кезінде басынан өткен жағдайды нақты мысалмен баяндап берді.

– Баланың миы қоқыс жәшігі сияқты, оған ананы да, мынаны да құйып жатыр, төгіп жатыр. Баланың тілін білетін педагог қалмады. 11 жасар немереме мынандай тапсырма беріпті: «Мына сөздердің ішінен жергілікті ерекшелігі бар, жалпы ерекшелігі бар сөздерді анықтаңдар» деген. Әлгінің екеуін мен таба алмадым. 77 жасыма шейін аймақтарды аралаған, жергілікті ерекшелікті білетін жазушымын. Ал 11 жасар қыз бала өзінің үйіндегі сөзден басқаны қайдан біледі? Атыраудағы, Маңғыстаудағы, Қызылжардағы елдің қалай сөйлейтінін қайдан біледі, олар? – деп ренжіді жазушы.

Оның пайымдауынша, филолог-ғалымдар мен студенттердің деңгейіндегі диалектологиялық тапсырмаларды мектеп бағдарламасына тықпалау – баланы білімге баулу емес, оның зейінін шаршатып, оқуға деген ынтасын жоюмен тең.

Жазушының пікірінше, жергілікті диалектілерді балалардың оқулығына ретсіз кіргізу оқушыны да, мұғалімді де адастырып тынды. Әдеби тілдің біртұтас нормасын қалыптастырудың орнына, әр өлкенің сөйлеу мәнерін баланың басына тықпалау мемлекеттік тілдің тұтастығына да қауіп төндіретін құбылыс деп атады.

Оқулықтарда жүйелі әдіснаманың болмауы білім беру процесінің берекесін қашырып отыр. Түсініксіз сөздер мен қисынсыз сұрақтар мұғалімнің өзін тығырыққа тірейтіндіктен, оқушылар сабақты тек жаттанды түрде оқып, мәніне терең бойлай алмайды.

– Қазіргі оқулықтарда әдіснама жоқ. Әдіснама жоқ жерде оқулық та болмайды. Оны оқушы түгілі, мұғалімнің өзі де түсінбейді. Мұндай жаулықты дұшпан да жасамайды қазаққа. Сабақтастық, дәстүр деген атымен жоғалды. Бір министрдің реформасын екіншісі өзгерте береді, екіншісінің жаңалығын үшіншісі алып тастайды. Бірін-бірі мойындамайды. Соның кесірінен немерем қатарлы оқушылар Білім министрлерінің экспериментіне айналды, – деп ашынды Бексұлтан Нұржекеев.

Қаламгердің бұл жанайқайы отандық білім беру саясатына түбегейлі ревизия жасау қажеттігін тағы бір мәрте күн тәртібіне шығарды. Мектеп оқулықтарын құрастыру ісін шенеуніктердің жеке амбициясынан арылтып, бала жанының білгірі саналатын нағыз әдіскерлер мен тәжірибелі ұстаздарға тапсырмайынша, ұрпақтың сауаттылығы мен білім сапасын түзеу мүмкін болмайды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Екінші әйеліне никаб кигізіп қойған»: Рүстем Жүгінісовтің видеосы қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
Next Article Теміртауда полициядан қашқан көлік жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

Оқи отырыңыз...

Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр

21.11.20264

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін марапаттады

20.11.202623

Instagram-да көптен күткен функция пайда болды

20.11.202616
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Теміртауда полициядан қашқан көлік жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

21.11.20261

«Жауына да бұлай жасамас»: жазушы Бексұлтан Нұржекеев оқушылар министрлердің экспериментіне айналғанын айтты

21.11.2026153

«Екінші әйеліне никаб кигізіп қойған»: Рүстем Жүгінісовтің видеосы қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

21.11.202625

«Немеремді көрсетпейді, араласпайды!»: Ақбота Керімбекова бұрынғы келіні туралы айтты (ВИДЕО)

21.11.2026193

Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр

21.11.20264

«Уайымдап біттім»: Қайрат Нұртастың әйелі үлкен ұлының денсаулығы сыр бергенін айтты

20.11.2026374

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін марапаттады

20.11.202623

Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтердің жалақысын көтеру ұсынылды

20.11.20267

Instagram-да көптен күткен функция пайда болды

20.11.202616

«Жас журналистер жұмыс таппай жүр»: Төреғалидің қарындасы «Хабар» арнасына жүргізушілікке шақырғанын айтып, сынға қалды

20.11.2026535

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.