Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Бала-шағасымен мақтанғанды қолдамаймын»: әнші Бейбіт Қорған әріптестерін сынға алды (ВИДЕО)
Шоу бизнес

«Бала-шағасымен мақтанғанды қолдамаймын»: әнші Бейбіт Қорған әріптестерін сынға алды (ВИДЕО)

НұрланНұрлан21.11.20266
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Бейбіт Қорған әлеуметтік желіде отбасын, күнделікті тұрмысын және дастарқанын жиі жариялайтын өнер иелерінің әрекетіне қатысты пікір білдірді. Ол әріптестерінің жеке өмірін көпшілікке көрсетуін құптамайтынын «Kezdesu» YouTube жобасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Сұхбат барысында жүргізуші әншіден эстрадада өзіне ұнамайтын немесе қабылдай алмайтын әрекеттер бар-жоғын сұрады. Сондай-ақ кейбір өнер адамдарының әлеуметтік желіде тұрмысының тек жақсы тұстарын көрсетіп, мінсіз отбасы бейнесін қалыптастыруына тоқталды.

Бейбіт Қорған мұндай әрекеттерді жасандылық деп бағалап, әлеуметтік желідегі жазбалардың өзгелерге қалай әсер ететінін ескеру керегін айтты. Әсіресе бала-шағасын, ішіп-жегенін көрсететін әріптестерінің әрекетін қолдамайтынын жеткізді.

«Мә, мынадай жаңағы өтірік легенда ма? Иә! Жасанды боп жүретін ондайлар көп қой. Бірақ та кейде ойлайсың: осындай жасанды бір нәрселер… Кейбір әншілер, мысалы, жеке өмірін көрсетіп жатады. Бала-шағасымен: «Мен мынандаймын, бүйтіп жатырмын, сүйтіп жатырмын», – деп. Мен ондайды қолдамаймын. Неге? Өйткені соған зар болып жүрген адамдар қаншама?! Тамақ жеп жатқанын көрсетіп жатады. Ал ондай нәрсені жей алмай жатқан адамдар қаншама?!» – деді әнші.

Жүргізуші өнер адамдарының отбасылық өмірі де көрермендер үшін қызықты болуы мүмкін екенін айтты. Алайда Бейбіт Қорған тыңдарманға әншінің шығармашылығы мен өнерін білу жеткілікті деп санайды. Оның сөзінше, өнер иесінің отбасы мен туыстары туралы барлық ақпаратты жариялау міндетті емес.

«Әрине, қызық. Бірақ өнер адамының өзін білсең, сол жеткілікті. Оның ар жағында қандай ағайын-туыстары бар, қанша баласы бар, қанша баласы жоқ деген сияқты нәрселерді білудің не қажеті бар?» – деді Бейбіт Қорған.

әнші бейбәт қорған сын
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Самұрық-Қазынада» тағы бір басшы ұсталды: ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр

Оқи отырыңыз...

«Немеремді көрсетпейді, араласпайды!»: Ақбота Керімбекова бұрынғы келіні туралы айтты (ВИДЕО)

21.11.2026222

«Уайымдап біттім»: Қайрат Нұртастың әйелі үлкен ұлының денсаулығы сыр бергенін айтты

20.11.2026388

«Жас журналистер жұмыс таппай жүр»: Төреғалидің қарындасы «Хабар» арнасына жүргізушілікке шақырғанын айтып, сынға қалды

20.11.2026548
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бала-шағасымен мақтанғанды қолдамаймын»: әнші Бейбіт Қорған әріптестерін сынға алды (ВИДЕО)

21.11.20266

«Самұрық-Қазынада» тағы бір басшы ұсталды: ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр

21.11.20261

Бибісара Асаубаева әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына қайта қосылды

21.11.20260

Қазақстан ғылымы жаңа белеске қадам басты: жас ғалымдарға қандай қолдау көрсетіліп жатыр?

21.11.20261

Ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау: инклюзивті қоғам қалыптастыруда не істеліп жатыр?

21.11.20263

Теміртауда полициядан қашқан көлік жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

21.11.20262

«Жауына да бұлай жасамас»: жазушы Бексұлтан Нұржекеев оқушылар министрлердің экспериментіне айналғанын айтты

21.11.2026190

«Екінші әйеліне никаб кигізіп қойған»: Рүстем Жүгінісовтің видеосы қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

21.11.202630

«Немеремді көрсетпейді, араласпайды!»: Ақбота Керімбекова бұрынғы келіні туралы айтты (ВИДЕО)

21.11.2026222

Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр

21.11.20269

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.