АҚПАРАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КОММЕНТАРИЙЛЕРДІ МОДЕРАЦИЯЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Осы Қағидалар «Muztaumedia.kz» ақпараттық агенттігінің сайтында жарияланған ақпараттар мен материалдарды пайдалану тәртібін, сондай-ақ пайдаланушылардың комментарийлерін жариялау және модерациялау шарттарын айқындайды.
1. Ақпараттар мен материалдарды пайдалану тәртібі
1.1. «Muztaumedia.kz» ақпараттық агенттігінде өзге интернет-ресурстарға сілтеме жасай отырып жарияланған мәтіндік, графикалық, фотосуреттік және бейнематериалдардың авторлық және өзге де құқықтары олардың бастапқы құқық иелеріне (түпнұсқа ақпарат көзіне) тиесілі.
1.2. Мұндай материалдарды пайдалану мәселелері бойынша тиісті бастапқы ақпарат көзіне немесе құқық иесіне жүгіну қажет.
1.3. «Muztaumedia.kz» ақпараттық агенттігінің өзіне тиесілі материалдарын басқа бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар және өзге де тұлғалар мынадай талаптар сақталған жағдайда пайдалана алады:
-
«Muztaumedia.kz» ақпараттық агенттігін міндетті түрде ақпарат көзі ретінде көрсету;
-
материалдың түпнұсқасына белсенді (активті) гиперсілтеме орналастыру;
-
гиперсілтемені материалдың тақырыбында немесе алғашқы абзацында көрсету.
2. Комментарийлерді модерациялау тәртібі
2.1. Сайтқа комментарий қалдырған әрбір пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидаларды және жалпыға бірдей әдеп нормаларын сақтауға міндетті.
2.2. «Muztaumedia.kz» ақпараттық агенттігінің әкімшілігі алдын ала ескертусіз мынадай мазмұндағы комментарийлерді жоюға құқылы:
-
бейәдеп және балағат сөздер, қорлайтын немесе ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін пікірлер;
-
әлеуметтік, ұлттық, этностық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыратын мазмұн;
-
зорлық-зомбылыққа, экстремизмге, терроризмге немесе Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын бұзуға үндейтін материалдар;
-
жеке тұлғалардың немесе қоғамдық топтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын ақпарат;
-
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келетін өзге де мәліметтер.
2.3. Сонымен қатар әкімшілік:
-
жарнамалық сипаттағы хабарламаларды;
-
спам немесе бірдей мазмұндағы қайталанатын пікірлерді;
-
жарияланған материалдың тақырыбына қатысы жоқ комментарийлерді;
-
негізсіз сыртқы интернет-ресурстарға сілтемелерді;
-
жалпыға ортақ моральдық және этикалық нормаларға қайшы келетін жазбаларды;
-
азаматтардың жеке өміріне қатысты мәліметтерді қамтитын комментарийлерді жою құқығын өзіне қалдырады.
2.4. Осы Қағидалардың талаптарын бірнеше рет бұзған немесе оларды жүйелі түрде елемеген пайдаланушылардың аккаунттары бұғатталуы мүмкін. Мұндай жағдайда олардың бұрын жариялаған барлық комментарийлері де жойылуы мүмкін.
3. Қорытынды ережелер
3.1. «Muztaumedia.kz» ақпараттық агенттігінің әкімшілігі осы Қағидаларға кез келген уақытта өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ оларды жаңа редакцияда жариялауға құқылы.
3.2. Қағидалардың жаңа редакциясы сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді, егер жаңа редакцияда өзгеше көзделмесе.

