Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»«Жедел жәрдем 37 шақырым шұңқыр жолмен жүрген»: СҚО-да жүкті мұғалімнен қан кетіп, қайтыс болды (ВИДЕО)
Басты ақпарат

«Жедел жәрдем 37 шақырым шұңқыр жолмен жүрген»: СҚО-да жүкті мұғалімнен қан кетіп, қайтыс болды (ВИДЕО)

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы15.07.20267
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Благовещенка ауылының тұрғындары жүкті мұғалімнің қазасына жолдың сапасыздығы себеп болды деп мәлімдеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 34 жастағы Дарима Сағдеевадан аяқ асты қан кетіп, жақындары жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сілтеме жасаған Muztaumedia.kz.

Алайда, тұрғындардың сөзінше, шақыртуға шыққан жедел жәрдем көлігі Пресновка мен Благовещенка ауылдарының арасындағы жолдың қатты бүлінуіне байланысты өте баяу жүруге мәжбүр болған. 37 шақырымдық жолды жедел жәрдем шамамен бір жарым сағатта жүріп өткен. Дәрігерлер уақытында жете алмаған. Салдарынан жүкті әйел көз жұмып, іштегі сәбиін де аман алып қалу мүмкін болмады.

Марқұм Дарима Сағдеева – Благовещенка ауылындағы мектептің мұғалімі, өңірге белгілі қоғамдық белсенді болған. Ол екі баланың анасы еді және үшінші сәбиін күтіп жүрген. Тұрғындардың айтуынша, Дарима Сағдеева аудандық және облыстық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы атанып, «Үздік мұғалім» атағына ие болған. Ол – ата-анасының жалғыз қызы еді.

Жергілікті жұрттың айтуынша, оқиға болған жол учаскесі әлі күнге дейін жөнделмеген.

«Қазір 2026 жылдың жазының ортасы болса да, Пресновка мен Благовещенка арасындағы аса маңызды жол бөлігі сол күйі жөнделген жоқ. Соның салдарынан екі бала анасынан айырылды, ал үшінші сәби дүниеге келмей қалды», – дейді ауыл тұрғындары.

Әзірге Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы мен жергілікті атқарушы органдар бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article515 млрд теңгенің тауары: Алматы облысының өнімдері әлемнің 61 еліне экспортталады
Next Article Бюджетке 730 млрд теңге салық түспей қалған

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026367

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026348

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.