Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Бюджетке 730 млрд теңге салық түспей қалған
Жаңалықтар

Бюджетке 730 млрд теңге салық түспей қалған

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы15.07.20262
Фото: Depositphotos.com
2025 жылы республикалық бюджетке жоспарланған салық түсімдері толық орындалмай, қазынаға 730 млрд теңге түспеген. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның салықтық және кедендік әкімшілендіру тиімділігіне жүргізген мемлекеттік аудитінің қорытындысында айтылды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Жоғары аудиторлық палата 2025 жылғы салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижесін жариялады. Тексеру барысында республикалық бюджетке түсетін салық көлемі жоспардан 730 млрд теңгеге немесе 4,8 пайызға кем орындалғаны анықталған.

Аудиторлардың мәліметінше, бұған басты себептердің бірі – салық түсімдері бойынша болжамның 1,3 трлн теңгеге артық жоспарлануы.

Сонымен қатар аудит соңғы төрт жылда қосымша есептелген салықтарға қатысты даулы істердің жартысынан астамы салық төлеушілердің пайдасына шешілгенін көрсетті. Бұған салық заңнамасының талаптарын сақтамау және тексеру актілерін рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктер себеп болған. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата салықтық тексерулердің сапасына бақылауды күшейтуді ұсынды.

Кедендік бақылау барысында да бірқатар заңбұзушылық анықталған. Атап айтқанда, тек электр көліктеріне арналған жеңілдіктердің гибридті автокөліктерге де заңсыз қолданылғаны белгілі болды. Соның салдарынан бюджетке кемінде 70 млн теңге түспеген.

Бұдан бөлек, сыртқы экономикалық қызметке қатысатын 34 компания импорт кезінде қосылған құн салығын заңсыз есепке жатқызу әдісімен төлеген. Соның нәтижесінде мемлекет қазынасына импорттық ҚҚС бойынша 670 млн теңгеден астам қаражат түспеген.

Аудит сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне бақылау жеткіліксіз екенін көрсетті. Соның салдарынан кейбір компаниялар жеңілдіктерді пайдалану құқығынан айырылуға негіз болғанына қарамастан, бұрынғы артықшылықтарын қолдануды жалғастырған.

Сонымен бірге аяқ киімді міндетті таңбалау жүйесінің салық түсімдерін арттырудағы мүмкіндігі толық пайдаланылмай отырғаны және Мемлекеттік кірістер комитетіне мемлекеттік қызметтердің есебін жүргізу мен олардың сапасын бақылауды жетілдіру қажет екені атап өтілді.

Жалпы аудит қорытындысы бойынша 2,7 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылық, 33 рәсімдік заңбұзушылық және 11 жүйелі кемшілік анықталған. Жоғары аудиторлық палата анықталған олқылықтарды жою үшін тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар беріп, олардың орындалуын бақылауға алған.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Жедел жәрдем 37 шақырым шұңқыр жолмен жүрген»: СҚО-да жүкті мұғалімнен қан кетіп, қайтыс болды (ВИДЕО)
Next Article Сұмдық: Астанада жас ана қонақүйде туып, сәбиін кәріз құбырына ағызып жіберген

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026328

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.