Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Сұмдық: Астанада жас ана қонақүйде туып, сәбиін кәріз құбырына ағызып жіберген
Оқиғалар

Сұмдық: Астанада жас ана қонақүйде туып, сәбиін кәріз құбырына ағызып жіберген

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы15.07.20262
Айқын

Фото: ЖИ

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған жан түршігерлік оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Жазба авторы қонақүйге келуші әйелдердің бірі жаңа туған сәбиді кәріз құбырына ағызып жіберген деген күдігін жеткізген, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Оның сөзіне қарағанда, осыдан бірнеше жыл бұрын тұрғын үйдің дәл іргесінен құрылыс нормаларын бұза отырып қонақүй салынған. Содан бері көршілес үйлердің мазасы қашқан.

«Біздің үй мен қонақүйдің кәріз жүйесі ортақ. Түнгі сағат үште көршіміз телефон соғып, канализация құбырынан шақалақ табылғанын хабарлады. Оқиға орнына жедел жеткен қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері бізден күдіктілер туралы сұрады. Біз бұл жүз пайыз қонақүйге келушілердің әрекеті екенін айттық. Тіпті тәртіп сақшыларының өздері бұл жердің нашақорлар ордасы екенін жақсы білетін болып шықты», — дейді ол.

Астана қаласы Алматы аудандық полиция басқармасы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.

«Кәріз құбырынан шақалақ табылуы фактісі бойынша Алматы ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Қылмыстық іс аясында кешенді жедел-іздестіру шаралары жүріп, қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға қатысы бар күдікті тұлға анықталды», — делінген хабарламада.

Қазір тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жарияланбайды. Тұрғындар бұл жезөкшелер мен нашақорлар жиналатын орынның толықтай жабылуын және кінәлілердің заң алдында қатаң жазалануын талап етіп отыр.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБюджетке 730 млрд теңге салық түспей қалған
Next Article Жемқорлықтың шыңына шыққан: Атыраудағы балабақшада күріштің келісін 21 мың теңгеден сатқан

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026348

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.