Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Қырым: Ресей қорғамады. Тас дәуіріне оралдық…
Басты ақпарат

Қырым: Ресей қорғамады. Тас дәуіріне оралдық…

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы24.07.20261
Фото: nege.kz
Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана Ресейдің оккупант билігі Қырымды «жүз пайыз қорғалған, ешқандай қауіп төөнбейтін, тыныш әрі гүлденген курорттық аймақ» ретінде әлемге жар салып, мақтанышпен жарнамалайтын еді.

Ал бүгін бәрі өзгерген. Жоғарыдағы сұлу сөздердің барлығы дерлік сағымға айналған. Украина Қырымды мықтап қыспаққа алуда. Логистикаға күн сайын соққы жасауда. Электр энергиясы тапшы. Украинаның от тұмсықты темір құстары Қырымдағы электр станцияларын аяусыз төпештеп жатыр. Жанармай тапшылығы өрши түскен. Қырымға апаратын құрлық жолдары соққыдан көз ашпай отыр. Тіпті, түбекке жанармайды танкерлер арқылы тасу да мұңға айналды. Украина Қара теңіз бен Азов аспанында «аңшылық науқанын» бастап, көзге көрінген танкерді тесіп түсуде. Бұның бәрі Қырым халқының ығырын шығарып, тіршілігін тұралатқан.

«The Guardian» осындай бейшара күйдегі Қырым туралы керемет бір сюжет жасапты. Сол мақалада Евпаториядағы шағын қонақүйлер мен демалыс орындарын басқаратын Марина есімді кәсіпкер әйел зар жылапты. «Биылғы жаз маусымының астаң-кестеңі шықты. Қонақ үйлер қаңырап бос қалды. Туристер жоқ. Тіршілік тоқтады», — дейді.

Шыны солай. Қазірдің өзінде Қырымда бензин жоқ, кәсіпорындар мен дүкендерге ең қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізудің өзі мұңға айналған. Жарықсыз, сусыз…

2014 жылы Қырымды аннекциялап алған Ресейдің орнатқан «гүлденген әлемі» осы қазір. Украина айналасы 1 аптаның ішінде Қырымдағы «гүлденген әлемнің» быт-шытын шығара білді.

Жаңағы Марина бастаған Қырымдағылардың өздері қазір: «Бізге 12 жыл бойы Қырым 100 пайыз қорғалған деп айтып келді. Ал бір айдың ішінде бізді тас дәуіріне қайта апарып тастады: жарық жоқ, су жоқ, жанармай жоқ», — деп ойбайлауда.

Ал Кремль тағайындаған жергілікті билік өткен айда ресми түрде төтенше жағдай жариялап, әскери техника мен шұғыл қызметтердің қорын сақтау мақсатында жеке көліктерге бензин сатуға уақытша шектеу қоюға мәжбүр болды. Қырымның шамамен 2,5 миллион тұрғынының 70 пайыздан астамы жарықсыз қалған. «Біз қазір өмір сүріп жатқан жоқпыз, біз тек аман қалудың амалын жасап жүрміз», – дейді жергілікті тұрғындар.

Кремль үшін Қырым әрқашан стратегиялық маңызды геосаяси аумақтарының бірі болып саналған. 2022 жылы Украинаға соғыс ашқанда дәл осы Қырымды әскери плацдарм еткен. Ал қазір Кремль Қырымды қорғай алмай, «шақшадай басы шарадай» болып тұр.

Ал Украина Қырымды нысанаға алу арқылы болашақ бейбіт келіссөздерде өз позициясын айтарлықтай күшейтуді көздейді. Киев әу баста Қырымды Ресейден оқшаулайтынын айтқан. Қазір соны іске асыруда қарқынды түрде жүргізуде.

Әскери сарапшылардың пікірінше, Украина алдағы апталарда Қырым көпіріне (Керчь көпіріне) қарсы шабуылдарын күшейтіп, түбектегі тапшылықты одан әрі ушықтыруға тырысуы мүмкін.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚұрылтай сайлауы: Бас прокуратура сайлауалды үгіт жүргізу тәртібін түсіндірді
Next Article Қазақ мұнайы: Танкер келмесе, Қазақстанның халі мүшкіл

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда алғаш рет: Астанада әлемдегі ең ірі AI-кино байқауы қорытындыланды

04.10.20261

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20264

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20265

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026953

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202617

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.