Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Саясат»Тарихи-саяси месседж: Тоқаев Шоқан мен Достоевскийдің портретін Путинге сыйға тартуының астарында қандай мән жатыр?
Саясат

Тарихи-саяси месседж: Тоқаев Шоқан мен Достоевскийдің портретін Путинге сыйға тартуының астарында қандай мән жатыр?

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы26.07.2026191
Фото: Ақорда

Кеше Омбыда Тоқаев Ресей Федерациясының басшысы Путинге Шоқан мен Достоевскийдің портретін сыйға тартты. Әлем Тоқаевтың соғыс туралы батыл сөздерін тоқтаусыз талқылап жатқанда, Muztaumedia.kz сыйға тартылған портеттің астарында қандай мән-мағына жатқанын жазып көрді. 

Саяси әрі экономикалық қадамдарды қатар ала отырып өтіп жатқан ауыр кездесулерде Ресейбасына қазақ мемлекетінің жетекшісі берген бұл сыйлықтың мәні тереңде. Талдап көрелік..

Бұл тарту — дипломатиялық хаттамадағы терең символикалық мәнге ие тарихи-саяси месседж саналады. Омбыдағы оқыс қадамдардың астарында қандай мағына жатыр? Біз бұл жолы күрделі экономикалық сауда-саттық байланысына емес, тек портреттің астарына ғана үңілеміз…

Жалпы дипломатияда, әсіресе мемлекет басшылары деңгейіндегі сыйлықтар ешқашан кездейсоқ таңдалмайды. Портертте көрсетілген Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийдің Омбыдағы кездесуі мен достығын бейнелейтін портреттің астарында бірнеше маңызды маңына жатыр.

Екі ғасырлық географиялық және тарихи байланыс 

Омбы — Шоқан Уәлиханов білім алған (Кадет корпусы) және Достоевскиймен алғаш танысып, тығыз араласқан қала екені баршаға аян және елге баяғыдан баян.

Қос мемлекет басшыларының Омбыда өткен Өңіраралық ынтымақтастық форумында осы оқиғаға қатысты картинаны сыйға тарту — қос халықтың тарихи тамырының ортақ нүктесін дәл Омбы жерінде қайта жаңғырту сипатына ие. Бұны бір деп қойсақ, саяси сыйлықтың екінші мәні тағы бар.

Омбыдағы оқыс қадамдар — саяси-дипломатиялық ишараны нақтылайды

Қос елдің президенттері қатар тұрып қарап тұрған порттеттен «Тең дәрежелі достық», рангтер мен тұлғалар балансын байқауға болады. Шоқан — ағартушы, офицер, қазақ зиялысы. Достоевский — орыс әдебиетінің гиганты. Суретте екі тұлға бір үстел басында, бір-біріне тең, өзара еркін де шынайы түрде құрметпен сұхбаттасып отыр.

Бұл қазіргі геосаяси жағдайда Астана мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынастың формальды «үлкен аға мен кіші іні» емес, тең дәрежелі өркениеттік серіктестік болуы керектігін меңзейтін терең түсінікті тағы бір еске салады. Державалар мен империялардың лидерлерімен тең дәрежеде және аудармашысыз сөйлесе  алатын Қазақ елінің, қазақ ұлтының Президенті Тоқаевтың бұл сыйлығының астарын Путин мен оның командасы түсінеді. Түсінді деп сенейік, ал түсінбесе онда — деңгейлеріне сын болар…

Гуманитарлық және мәдени көпірді алға шығару

Кешегі сыйлықтың идеологиялық салмағы тағы бар. Сіз бен біз күнде болмаса да ара тұра еске алып, көршінің кейбір әрекеттерінің астарына сенімсіздікпен қарайтын жағдайлардың болып тұратыны белгілі. Осындай күмәнді ойдың кетпеуіне азалы да қазалы күндерді күн сайын басынан өткізіп жатқан Украинадағы жағдай дәлел. Қазіргі Украинаны қойып, ауыр трагедиялық жағдайлар кезінде қазақтардың да басынан өткен.

Ол — қазақтың мәңгілік жазылмас жарасы Алаш арыстары.

Ол  — қазақтың ауыр ашаршылық жылдары.

Ол — қазақтың шапқыншылық пен жазалауға ұшырауы.

Ол — тілдік және ұлттық болмыстан айырыла жаздаған Кеңестік саясат

Айта берсе осылай кете береді. Сондықтан  «күндердің күнінде ауыр да саяси соғыс ахуалы қалыптаспай ма? деген жауабы жоқ ауыр сұрақтың туындауы орынды. Ендеше оның жауабы да осы портреттің астарында жатыр.

Кеңестік немесе империялық саяси символдарға (соғыс, шекара, саяси жеңістер) сүйенбей, зияткерлік, ғылыми және әдеби мұраны алдыңғы орынға шығару.

Достоевскийдің Шоқанға жазған әйгілі хатындағы: «Сіз Азиядағы алғашқы еуропалық білімді адамсыз… Сіз өз халқыңыздың тағдырын жақсартуға қызмет ете аласыз» деген сөздері қос халықтың арасындағы рухани диалогтың биік стандарты ретінде көрсетіледі.

Қазіргі Қазақ элитасының саяси аренадағы дәрежесі

Қазақстан тарапы өз дипломатиясында білім мен тарихты басты құрал ретінде пайдаланатынын көрсетті. Бұл сыйлық арқылы Мәскеуге Қазақстанның тарихи тұлғалары XIX ғасырдың өзінде-ақ орыс және еуропалық интеллектуалды элитасымен тең деңгейде пікір таластыра алғаны еске салынады.

Кәнігі дипломат, салмақты саясаткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сыйлығы — тарихи фактіні шебер пайдалана отырып, Ресей басшысына «біздің достығымыздың негізі — күш пен бағыныштылықта емес, Шоқан мен Достоевский сияқты өзара құрметте, интеллектуалды теңдікте әрі ортақ тарихи сабақтастықта» деген ашық мәдени месседжді жеткізу тәсілі болды.

Міне, бір ғана портреттің саяси астарында ел тағдырына әсер ететін ауыр жүк жатыр. Ал осы сыйлықты ойлап тауып, оны сыпайы әрі нәзік түрде Путинге жеткізген қазақтың, Қазақстанның қазіргі саяси элитасының деңгейін қалайша жоғары бағаламауға болады?!

 

Достоевский Омбы портерт Путин саясат Тоқаев Шоқан
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСарайдағы соңғы балдан туған әйгілі колода: Ойын карталарындағы бейнелер Романовтар әулетінің 300 жылдығына қатысқан ақсүйектер
Next Article Қазақстандағы ең сұлу боксшы атанған Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізді

Оқи отырыңыз...

Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

09.09.20261

465 млн теңге айыппұл, 13 ұйым лицензиясыз қалды: Тоқаевқа есеп берілді

09.09.20260

Тоқаев Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

09.09.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 688

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 270

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 399

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 365

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 978

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 853

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 733

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 705

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 571

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 364

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.