Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Жолақтан туған жанжал: Сайындағы шешім Дархан Сатыбалдыға петиция болып барды
Оқиғалар

Жолақтан туған жанжал: Сайындағы шешім Дархан Сатыбалдыға петиция болып барды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы27.07.20266
коллаж: Ertenmedia.kz

Алматыда Сайын көшесінің қосалқы жолына салынған автобус жолағына қатысты қарсылық күшейді. Дархан Сатыбалдының атына петиция жолдаған қалалықтар жобаны мерзімінен бұрын тоқтатуды талап етуде. Петиция иелері Сайын көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі бөлігіндегі арнайы жолақ кептелісті азайтудың орнына, қозғалысты одан әрі қиындатқанын алға тартып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz сілтеме жасаған

Сайын көшесінің су жаңа бөлігі маусым айының басында ғана ашылған-тын. Арада екі апта өтпей жатып, қосалқы жолдың бір жолағы қоғамдық көлікке берілген. Тұрғындар пікірінше, екі өзгерістің қатар енуі тәжірибенің нақты нәтижесін бағалауға мүмкіндік бермейді.

«Қала әкімдігі кептелістің көбеюін жаңа жолдың ашылуы және көлік ағынының қайта бөлінуімен байланыстырады. Мұндай жағдайда автобус жолағының әсерін жеке бағалау мүмкін емес», – делінген петицияда.

Өтініш иелері арнайы жолақ іске қосылғаннан кейін жол бойында кептеліс, қауіпті маневр және жүргізушілер арасындағы ұрыс-жанжал күрт көбейгенін жазған. Әсіресе, жолақтың кейбір жолайрық алдында үзіліп қалуы көліктердің автобус жолағын кесіп өтуіне мәжбүрлеуде.

Дархан Сатыбалдыға дат айтқан петиция авторлары, стандарт бойынша қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ бір бағытта кемінде үш жолағы бар көшеде ұйымдастырылуы керек дейді. Ал Сайын көшесінің қосалқы жолында небәрі екі жолақ бар.

Тұрғындар әкімдік автобус жолағын енгізер алдында жасалған есеп-қисапты да жарияламады деп отыр.

Құжатта автобус саны, жолаушы ағыны, қоғамдық көліктің жылдамдығы, өзге көліктің кідірісі және жедел жәрдем мен құтқару қызметінің қозғалысына әсері туралы дерек ашық айтылмаған екен.

«Күн сайын жүз мыңдаған адамның жүріп-тұруына әсер ететін шешім біреудің пайымына емес, ашық жарияланған есеп-қисапқа сүйенуі тиіс еді. Әкімдік Сайын көшесіндегі жобаны тоқтатып, бұрынғы қозғалыс сызбасын қалпына келтіріп, мәселені тұрғындармен талқылауы қажет», – дейді петиция авторлары.

Сонымен қатар петицияда жаңа автобус жолақтарын өзге көшелерге енгізуді уақытша тоқтату ұсынылған. Әкімдік әл-Фараби, Төле би, Сәтбаев, Шевченко, Құрманғазы, Рысқұлов секілді бірнеше ірі көшеде де осындай өзгеріс енгізуді қарастырып отыр.

Тұрғындар алдымен Сайын мен Рысқұлов қиылысындағы жолайрықтың өткізу қабілетін арттыру қажет деп санайды. Олардың пікірінше, кептелістің негізгі себебі шешілмей тұрып, жолақты қайта бөлу жағдайды жеңілдетпейді.

Петиция авторлары қала билігінен автобус жолағын алып тастауды ғана емес, алдағы уақытта ірі көшелердегі қозғалыс сызбасын өзгертер алдында міндетті түрде ашық есеп жариялап, қоғамдық талқылау өткізуді талап етуде.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Күйеуімсіз қыздармен де қыдырып көрмегем»: әнші Жазира Байырбекова отбасылық бақытқа кенелуінің себебін түсіндірді
Next Article 47 градус аптап ыстық: 27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026370

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.