Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Бюджет ақшасына блогерлерді шақыру: Жетісу әкімдігі ондаған миллиондаған теңгенің шуына қатысты жауап берді
Қоғам

Бюджет ақшасына блогерлерді шақыру: Жетісу әкімдігі ондаған миллиондаған теңгенің шуына қатысты жауап берді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы28.07.202610
Фото: juzmedia.kz

Жетісу облысының бюджет ақшасына блогерлерді шақырмақ. Басты себеп, өңірдің туристік әлеуетін бюджеттің қаражаты арқылы жарнамалау, деп жазады Muztaumedia.kz.

2031 жылға дейінгі туризмді дамыту жөніндегі Мастер-жоспарын әзірлеу облыстың туризм саласын дамытудың бірыңғай стратегиялық бағытын қалыптастыру, инфрақұрылымды дамытудың басымдықтарын айқындау, инвестициялық ұсыныстар әзірлеу және мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын үйлестіру үшін қажет.

— Сонымен қатар блогерлер мен инфлюенсерлерді тарту – өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетудің тиімді құралы. Бұл өңірдің танымалдылығын арттыруға, мақсатты аудиторияның қамту аясын кеңейтуге және туристер легін көбейтуге ықпал етеді. Соның нәтижесінде инвестиция тартуға, сондай-ақ шағын және орта бизнестің дамуына оң әсерін тигізеді, -делінген әкімдіктің жауабында. 

Жетісу облысы құрылғаннан бері Алакөл жағалауының инфрақұрылымын дамыту бағытында жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, ұзындығы 180 шақырым болатын «Үшарал – Достық» және 313,5 шақырымдық «Талдықорған – Үшарал» автожолдары қайта жаңғыртылды. Электр энергиясының тапшылығы мәселесі шешіліп, мобильді байланыс пен талшықты-оптикалық интернет желісі тартылды. Сондай-ақ 69,7 шақырым кәріз желісі салынды, ал жыл соңына дейін тазарту құрылыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, 2027 жылдың соңына дейін ұзындығы шамамен 14 шақырым болатын жағалауды бекіту бөгетінің құрылысын аяқтап, кейіннен аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

 — Қабылданған шаралар бүгінде өз нәтижесін беруде: көрсетілген ақылы қызметтердің көлемі 7,3 млрд теңгеден 8,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды, салық түсімдері 3,6 млрд теңгеден 4,1 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар 1 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Жоспарланған барлық жобалар толық іске асырылғаннан кейін Алакөл жағалауына келетін туристер саны жылына 2 миллион адамнан асады деп күтілуде., — делінген Жетісу облысының әкімдігінің берген хабарламасында. 

ақша Алакөл блогер Жетісу облысы бюджет туризм
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Нұрай мені бірінші пышақтады»: Шерхан Аймахан сотта жауап берді
Next Article «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Сайлау әділ өтуі тиіс

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда доллар бағамы тағы құлдырады

30.10.20261

Қазақстан халқының банктер алдындағы берешегі 27 триллион теңгеге таяды

29.10.20262

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.