Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Тырнақ астынан кір іздемейікші»: Аша Матай өзін сынаған заңгерге жауап берді (ВИДЕО)
Шоу бизнес

«Тырнақ астынан кір іздемейікші»: Аша Матай өзін сынаған заңгерге жауап берді (ВИДЕО)

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы29.07.2026180
Коллаж: Muztaumedia.kz

Белгілі тележүргізуші әрі «Қазақстан Халық партиясынан» кандидат ретінде тіркелген Аша Матай өзіне бағытталған пікірталасқа шақыруларға қатысты мәлімдеме жасап, мұндай айтысқа қатыспайтынын айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Аша Матайдың сөзінше, соңғы уақытта оны түрлі пікірталастарға шақырып жатқанын естіген. Алайда ол мұндай форматқа қатысуды жөн көрмейтінін жеткізді.

«Анамның тәрбиесі бойынша қазақ қызы жеке көзқарасын дәлелдеу үшін ер азаматпен, әсіресе жасы үлкен адаммен сөз таластырмауы керек. Айтар ойым да, мақсатым да бар. Бірақ өзімді дәлелдеу үшін дауласуға тәрбием жібермейді», – деді ол.

Кандидаттың айтуынша, қоғамға пайда әкелудің тиімді жолы – өзара айыптаулар мен сөз жарыстыру емес, ортақ іске жұмылу.

«Тырнақ астынан кір іздеп, бір-бірімізбен тартысқаннан гөрі, ел үшін бірігіп жұмыс істейік. Жұмысымызға қолдау білдіріп, тілектес болсаңыздардың өзі біз үшін үлкен демеу», – деді Аша Матай.

Сондай-ақ ол көпшілік өзін өнер мен сахна арқылы танитынын, алайда дәл осы жол оған халықтың тұрмыс-тіршілігін, мұң-мұқтажын жақыннан тануға мүмкіндік бергенін атап өтті. Осы себепті «Қазақстан Халық партиясының» қатарында ел игілігі үшін еңбек етуге ниетті екенін жеткізді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Қамауға алып бара жатқандай..»: Қызын хиджабпен ұзатқан Алтынай Жорабаева жұртқа жақпай қалды
Next Article Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің ашылу салтанатына қатысады

Оқи отырыңыз...

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026819

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026245

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026185
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20262

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026819

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.