Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Саясат»«Көзін жоямыз»: Израиль Иранның жоғарғы лидері аятолла Моджтаба Хаменеиді өлтіру үшін тағы ауыр операция өткізбек
Саясат

«Көзін жоямыз»: Израиль Иранның жоғарғы лидері аятолла Моджтаба Хаменеиді өлтіру үшін тағы ауыр операция өткізбек

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы29.07.20261
Фото: lrt.lt сайтынан алынды.

СІА мен «Моссад» Хаменеиді іздеп табу үшін құпия операция жүргізіп жатыр. Болжам бойынша, ол таса жерде тығылып, төрт айдан астам уақыт бойы телефон мен компьютерді мүлде пайдаланбаған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Израильдің «Моссад» барлау қызметі мен Американың СІА (ЦРУ) ұйымы Иранның жоғарғы лидері аятолла Моджтаба Хаменеидің ізіне түсуге бірлесе күш салуда. «Рахбарды» табу операциясы бұл екі елдің арнайы қызметтерінің басты назарында тұр. Бұл туралы The Times басылымы барлау ұйымдарының бұрынғы қызметкерлеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, Моджтаба Хаменеи өзі көрінбей кетсе де, соғысқа қатысты шешімдер қабылдауда басты рөл атқарып отыр, себебі Ислам революциясы сақшылар корпусына (ИРСК) әскери әрекеттерді заңдастыру үшін оның сөзі ауадай қажет. Сонымен бірге барлау қоғамдастығының кейбір өкілдері ол қайтыс болған, ал ИРСК оның амандығын жай ғана елестетіп отыр деп есептейді. «Моссад» Хаменеидің тірі-өлісін және қайда тығылып жүргенін анықтауға тырысуда.

Басылымның мәліметінше, Хаменеи терең таса жерде жасырынып, 150 күнге жуық уақыт бойы қолына телефон алмаған және компьютерді қолданбаған.

«Моссадтың» бөлімшесін басқарған бұрынғы шенеунік Рами Игра: «Моджтаба телефонды пайдаланбауы мүмкін, бірақ егер ол аман болса, оның байланысудың басқа жолдары бар, мәселен, кішкентай қағаз қиындылары сияқты», — дейді.

Оның айтуынша, Иран билігі жоғарғы лидерге хабарлама жеткізу үшін көпдеңгейлі курьерлік желіні пайдаланады. Алайда бұл шабармандар хаттардың мазмұнын білмей, тек қолдан-қолға беріп отырады.

Игра Хаменеиге жетудің жалғыз шынайы жолы — онымен тікелей байланыста жүрген агентті өзіне қаратып алу (вербовка жасау) екенін атап өтті.

«Бұл өте қиын, себебі Иранда оған жақын жүрген адамдардың бәрі қатаң тексерістен өтеді. Мүмкін ИРСК-нің екі немесе үш мүшесі ғана онымен қалай байланысу керегін біледі», — деп қосты «Моссадтың» отставкадағы қызметкері.

«Моссадтың» бұрынғы подполковнигі Авнер Авраамның айтуынша:

«Ол өз жүзін көрсетпесе де, Иран халқына дауыстық хабарлама арқылы үндеу жасай алар еді. Бірақ бұл оны қорғансыз етеді. Себебі дауыстық файлдан дыбыс жазатын құрылғының түрін немесе жазба жасалған орынды анықтап алуға болады».

Пентагонның бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі ақпан айының басындағы әуе соққысынан кейін Иранның қазіргі жоғарғы лидері өз қауіпсіздігіне қатты көңіл бөле бастағанына сенімді. Айта кетейік, солақай соққыдан оның әкесі Али Хаменеи қаза тапқан болатын.

Сонымен қатар америка шенеунігі АҚШ барлауының мүмкіндіктеріне күмән келтіріп, Иранның төрт онжылдық бойы жабық аумақ болып келгенін еске салды. Ол Израиль барлауының әлдеқайда тиімді жұмыс істейтінін мойындағанымен, олардың да ресурстары шектеулі екенін айтты. Егер арнайы қызметтер жоғарғы лидердің орнын анықтай алса, Уашингтон мен Иерусалимге ары қарай не істеу керектігі жөнінде оңай емес шешім қабылдауға тура келеді.

Моджтаба Хаменеидің бейнежазбалары мен дауыстық хабарламалары жоқтығына қарамастан, соңғы айларда Х әлеуметтік желісінде оның атынан хабарламалар жарияланып тұрды. Рахбардың үндеулерін Иранның мемлекеттік агенттіктері де бөлісті. Мысалы, шілде айында оның Х парақшасында соққылар қайта басталған соң АҚШ президенті Дональд Трамптың өзара түсіністік меморандумындағы қолы «ештеңеге татымайды» деген жазба шықты. Сол хабарламада ол АҚШ-ты «Ұлы Шайтан» деп атады. Оның алдында, маусым айында, сол әлеуметтік желіде Хаменеи Иран президенті Масуд Пезешкианның кепілдік бергенінің арқасында меморандумға қол қоюды мақұлдағанын мәлімдеген болатын.

Моджтаба Хаменеи әкесі Али Хаменеи наурыз айының басында АҚШ пен Израильдің әскери операциясының алғашқы күндеріндегі соққысынан қаза тапқаннан кейін Иранның жоғарғы лидері болды. Али Хаменеи елді 36 жыл бойы басқарған еді. Резиденцияға жасалған әуе соққысы салдарынан Моджтаба Хаменеидің өзі де жараланып, содан бері халық алдына шыққан жоқ.

Дереккөз: Abai.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article3 968 үміткер: «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қарау аяқталды
Next Article Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады: ол «Бұйратау» ұлттық паркінің құрамына енеді

Оқи отырыңыз...

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.202610

Германияда алғаш рет әйел адам президент атануы мүмкін

30.10.20264

Мемлекет басшысы «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі аллеясын ашты

30.10.20264
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202651

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026347

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.