Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»10 тамыз – Абай күні: Ақын бір қыста 12 қылмыстық іс бойынша тергелген
Жаңалықтар

10 тамыз – Абай күні: Ақын бір қыста 12 қылмыстық іс бойынша тергелген

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы30.07.202615
Коллаж: kaz.orda.kz

Биыл қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, философы, композиторы, аудармашысы, қазақтың жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толып отыр. Оның шығармалары мен қара сөздері қазақ халқының рухани мұрасының ажырамас бөлігіне айналды. Арада бір жарым ғасырға жуық уақыт өтсе де, Абайдың өмір жолы, шығармашылығы мен философиялық ойлары өзектілігін жоғалтқан жоқ. Muztaumedia.kz ұлы ойшылдың өмірі мен мұрасы туралы маңызды деректерді kaz.orda.kz-ке сілтеме жасай отырып ұсынады.

«Атадан алтау, анадан төртеу»

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руында дүниеге келген. Оның шын есімі – Ибраһим. Әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атағаннан кейін халық оны осы есіммен таныды.

Абайдың арғы тегі Орта жүздің Арғын тайпасындағы Тобықты руынан тарайды. Шежіре Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос және Жігітек тараған. Кейін олардың әрқайсысы жеке-жеке рулы елге айналған.

Айдостың Айпара есімді әйелінен Ырғызбай, Көтібақ және Топай туған. Солардың ішінде Ырғызбай ел басқару ісіне ерте араласып, беделге ие болған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар және Өскенбай дүниеге келеді. Өскенбай әділдігімен, ел ішіндегі билігімен танылған тұлға болған. Оның жары Зереден Құнанбай дүниеге келген.

Құнанбайдың төрт әйелі болған. Бәйбішесі Күңкеден Құдайберді туған. Ұлжан бастапқыда Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке атастырылған. Інісі қайтыс болғаннан кейін Құнанбай оны қазақтың әмеңгерлік дәстүрімен алған.

Ұлжаннан Тәңірберді, Ыбырай (Абай), Ысқақ және Оспан дүниеге келген. Үшінші әйелі Айғыздан Халиолла мен Ысмағұл туған. Ал қартайған шағында алған төртінші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ сүймеген. Сондықтан Абайдың әйгілі: «Атадан алтау, анадан төртеу» деген сөзі өз отбасының құрамына қатысты айтылған.

Білімге құштар бала

Болашақ ақын бала күнінен әжесі Зеренің аңыз-ертегілерін тыңдап, анасы Ұлжанның тәрбиесін көріп өсті. Оның сөзге құмарлығы мен ой-өрісінің қалыптасуына осы екі тұлғаның ықпалы зор болды. Алғашқы сауатын әкесі өз туыстарының балалары үшін «Ескітам» қонысында салдырған медреседе ашқан. Кейін ауылдағы Ғабитхан молдадан білім алады.

Он жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне түсіп, үш жыл оқиды. Сол жерде араб және парсы тілдерін меңгереді. Бірақ Абай діни біліммен ғана шектеліп қалмай, өздігінен ізденуге ден қояды. Ол Низами, Науаи, Сәғди, Хафиз, Физули секілді шығыс классиктерінің шығармаларын оқып, орыс тілін де меңгере бастайды.

Мұхтар Әуезов Абайдың бала кезіндегі ерекше зеректігін былай сипаттайды:

«Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сондықтан барлық артылған уақытын өз бетімен сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады».

Жазушының айтуынша, Абай бала кезінде жаттаған кейбір өлеңдерін қартайған шағына дейін ұмытпаған.

Жастай ел басқару ісіне араласқан

Құнанбай баласының зеректігін ерте аңғарып, оның жан-жақты білім алғанын қалады. Алайда 13 жасқа келгенде Абайды Семейдегі оқуынан шығарып алып, ел басқару ісіне араластырады. Сол кезде Құнанбай ел ішіндегі тартыстарда өзіне сенімді серік қажет екенін сезіне бастаған еді.

Алғашында әкесінің тапсырмаларын орындап жүрген жас Абай аз уақыттың ішінде дау-шардың мәнісін түсініп, билік айтуға бейім тұлға ретінде танылады. Шешендігімен, әділдігімен көзге түскен ол ел арасындағы маңызды мәселелерге араласа бастайды.

1885 жылы Шар өзенінің бойындағы Қарамолада жүзден астам би мен болыс қатысқан төтенше съезд өтті. Сол жиында Абай төбе би болып сайланып, Семей өңіріндегі қазақтар үшін қылмыстық істерге қатысты заң ережесін әзірлеу тапсырылды.

Абай бастаған комиссия небәрі үш күннің ішінде 93 баптан тұратын құқықтық ережені дайындап шықты. Кейін бұл құжат қазақ қоғамындағы құқықтық қатынастарды реттеуге арналған маңызды тарихи құжаттардың бірі ретінде бағаланды.

Алайда Қарамола съезінен кейін Абайдың беделі артқан сайын оған қарсы адамдардың да қатары көбейді. Құнанбаймен бұрыннан араз болған туыстарының арасынан 17 адам Сібірге жер аударылғаны белгілі. Сол тартыстардың салдары кейінгі ұрпаққа дейін жалғасып, бітіспес жаулыққа ұласты.

Әкесі бастаған істі жалғастырған Абай да сол дау-дамайдың ортасында қалды. Оған түрлі жалалар жабылып, үстінен бірнеше мәрте арыз түсірілді. Тіпті 28 жасында бір ғана қыстың ішінде 12 түрлі қылмыстық іс бойынша тексерілген кезі болған.

Дегенмен ел арасындағы талай даудың бел ортасында шыңдалған Абай шешендігі мен сабырлылығының арқасында мұндай қысымдарға төтеп бере білді. 1898 жылы Мұқыр болысын сайлау кезінде тағы бір үлкен қақтығыс болды. Оразбай Аққұлұлы Жігітек, Мырза-Жөкең руларының беделді адамдары Әзберген, Бейсенбі, Бұланбай және Әбенмен бірігіп, Абайға қастандық ұйымдастырған.

Сол кезде Кәкітай, Уәйіс және Аппас сияқты жақын адамдары араша түсіп, ақынды аман алып қалады. Осы оқиғадан кейін Абай ел басқару ісінен біржола шеттеп, өзін түгелдей кітап оқуға, білім іздеуге және шығармашылыққа арнайды. Бұрын өзіне қастық жасаған адамдармен де татуласып, ел ішіндегі араздықты ушықтырмауға тырысқан.

Абайдың шығармашылығы

Абай алғашқы өлеңін он жасында жазған. Ал оның ақындық қуатын кеңінен танытқан алғашқы ірі шығармасы – «Қансонарда бүркітші шығады аңға». Абай қазақ поэзиясына жаңа мазмұн, жаңа өлшем, жаңа өрнек әкелді. Оның шығармаларының әрқайсысы көркемдігімен, терең ойымен және жаңашылдығымен ерекшеленеді.

Ақынның:

  • «Сегіз аяқ»;
  • «Қансонарда бүркітші шығады аңға»;
  • «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»;
  • «Желсіз түнде жарық ай»;
  • «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» сияқты өлеңдері қазақ әдебиетінің алтын қорына енді.

Абай тек ақын ғана емес, аудармашы ретінде де үлкен еңбек сіңірді.

Ол Александр Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан «Татьянаның хатын» мен «Ленскийдің сөзін», Михаил Лермонтовтың «Ой», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Қанжар», «Теректің сыйы» және басқа да көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Сонымен қатар мысал жанрын дамытып, сол арқылы қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды, адам мінезіндегі кемшіліктерді сатиралық тәсілмен көрсетті. Абай поэма жанрында да өнімді еңбек етті. Оның «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» поэмалары қазақ әдебиетіндегі көрнекті туындылардың қатарына жатады.

Дереккөз: kaz.orda.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleГүл арасындағы сұлу құс: Есентай жағалауындағы тауыс көпшіліктің көзайымына айналды
Next Article Ресейлік кәсіпкердің талабы: Алматы соты Татьяна Белованы жеті жылға соттады

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.