Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Шымкент изоляторындағы өлім: түрме қызметкерлері ұсталды
Жаңалықтар

Шымкент изоляторындағы өлім: түрме қызметкерлері ұсталды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы31.07.202620
Фото: kz24.news
Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторында 22 жастағы Сәния Жұбанышеваның қаза табуынан кейін изолятор қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Олардың бірі – кезекші көмекшісі Мұхтар Шәмсудиновқа салғырттық танытты деген күдік тағылып, қамауға алынды. Оның адвокаты Талғат Есімов құқық қорғау органының қызметкерін кінәлі етіп көрсетуге тырысып жатқанын мәлімдеді.

Мұхтар Шәмсудинов Сәния көп мөлшерде дәрі қабылдап, жағдайы нашарлаған түні кезекшілікте болған. Адвокаттың айтуынша, тергеу оны қызметтік салғырттық жасады деп айыптап отыр. Тергеушілердің пайымынша, ол бейнебақылау камералары арқылы ұсталған қыздың дәрі ішіп жатқанын байқауы тиіс болған. Алайда қорғаушы бұл тұжырыммен келіспейді.

– Мәселенің түп-төркінін қарау қажет: Сәния Жұбанышеваны әуеліде ұстауға кім жауапты болды, оны қамауға алу туралы тергеушінің өтінішін кім қолдады, сотқа дейінгі қамауға алуға кім санкция берді және қыздың уәждерін кім елемеді, – деді Талғат Есімов.

Адвокаттың сөзінше, бастапқы іс бойынша жәбірленуші деп танылған жас жігіттің Сәнияға ешқандай шағымы болмаған. Соған қарамастан, бірнеше күннен кейін қыз ұсталып, кейін сот оны екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған.

Сәния Жұбанышева 15 мамыр күні Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторында жағдайы күрт нашарлап, көз жұмған.

Ресми мәлімет бойынша, ол көп мөлшерде жүрекке арналған дәрі қабылдаған. Алайда Сәнияның анасы Зухра Сопыбекова бұл нұсқамен келіспейді және бейнебақылау камераларындағы жазбаның толық нұсқасын көрсетуді талап етіп отыр.

Марқұмның отбасы камераға сонша көп дәрінің қалай кіргенін және неге ешкім қызды дер кезінде тоқтатпағанын анықтауға тырысып жатыр.

Уақытша ұстау изоляторына жеткізілгенге дейін Сәния кәмелетке толмаған адамның денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген. Ал оның өзі зорлауға әрекет жасалғанын мәлімдеген болатын.

Қыздың қазасынан кейін уақытша ұстау изоляторы қызметкерлерінің әрекетіне қатысты тергеу басталды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТашиевті соттатқан Жапаровтың жоспары: Қырғызстанда президент сайлауы өтетін күн жарияланды
Next Article Палестина қасіреті: 80 жылдығын қантөгіспен қарсы алмақ Израиль қанша арабы қырып тастады

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026370

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.