Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»Ең үлкен азапты жақын адамыңнан көресің: Роза Әліқожа көзге шөп салу мен ажырасқан әйелдер жайлы жазды
Шоу бизнес

Ең үлкен азапты жақын адамыңнан көресің: Роза Әліқожа көзге шөп салу мен ажырасқан әйелдер жайлы жазды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы03.08.2026216
Фото: sn.kz
Әнші Роза Әліқожа әлеуметтік желіде ажырасқан әйелдер туралы тебірене жазба қалдырды. Оның ой-толғамы желі қолданушыларының назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

 

Шынында да, ұзақ жылдар бойы бір шаңырақ астында тұра тұрып, іштей ажырап кеткен жандар қаншама? Олар нағыз сүйіспеншілікті сырттан іздеп, түсінде де, қиялында да өзге адаммен ғұмыр кешеді. Алайда баласы үшін бірге болып, туыстары мен құдалары алдында беделін түсіргісі келмей, өтірік өмір сүреді. Осы жалғандық не үшін керек? Ертең ұлыңыз бен қызыңыз сіздің тағдырыңызды қайталамасына кепілдік бар ма?

Әкесінен көргенін қайталайтын ұл, анасындай өзін құрбан ететін қыз өседі. Кейде болмайтын нәрсені болмайды деп қабылдап, айтылуға тиіс сөзді үнсіздікпен азаптамай айту керек. Әйел шынайы сүйсе, соңына дейін барады, өбектейді, қорғайды, сенеді. Ол тәуекелге де барады, армандайды, үмітін үзбейді. Анасындай қамқор, досындай адал, әпкесіндей жанашыр болады. Бірақ жарының үнемі өтірік айтып, көзге шөп салуы оны жалықтырады.

Суық құшақ, суық қабақ, суық үй — осының бәрі көбейеді. Ол қанша жылытқысы келсе де, өзін жаудай көретін жанардан жасқанады. Ешкім көрмейтін көздерден жалығады. Оны өз үйінде еркелетіп өсірген еді, ал мұнда еркеліктің көлеңкесі жоқ. Ханшайымнан күңге айналып, жүкті жалғыз сүйреп шаршады.

Бұл одақта жалғыз кінәлі адам — өзі болып қалды. Ерте үйленгені үшін, бәріне жауапты болғаны үшін ол өзін жазалады. Тұншықтыру, ірі заттарды қирату, лақтыру, шыны ыдыстарды сындыру, басын қабырғаға соғу — бұл тізімді әрі қарай жалғастыруға болады.

Ең үлкен азапты ең жақын адамынан, ең үлкен өкінішті өзінің «ең үлкен қуанышым» деген жаннан көрді. Жылдар бойы құрастырған өмірінің суретін өзі бұзуға көнді. Онсыз өзін жоғалтып бара жатқанын, ауруы көбейіп, арманы таусылғанын сезді. Өзін өзі қорғамаса, ешкім қорғамайтынын түсінді. Сөйтіп, өзін өзі сүюге қадам жасады», — деп жазды әнші.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Жас жұбайлардың үстелінде темекі шегіп отыр»: жалдамалы асаба тағы бір дөрекі әрекетімен көзге түсті
Next Article «Менің жетістігім»: Димаш Құдайберген желідегі сынға алғаш рет жауап берді

Оқи отырыңыз...

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026981

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026291

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026208
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда алғаш рет: Астанада әлемдегі ең ірі AI-кино байқауы қорытындыланды

04.10.20261

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20264

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20268

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026981

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202617

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.