Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Менің жетістігім»: Димаш Құдайберген желідегі сынға алғаш рет жауап берді
Жаңалықтар

«Менің жетістігім»: Димаш Құдайберген желідегі сынға алғаш рет жауап берді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы03.08.2026158

Фото: dimash.com

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Aqerke» әніне түсірілген жаңа бейнебаяннан кейін жанкүйерлері мен сын айтушыларға үндеу жасады. Өнер иесі әлеуметтік желідегі пікірлерге жауап беріп, шығармашылық ұстанымын түсіндірді, деп хабарлайды Mztaumedia.kz.

Желіде талқылауға 31 шілдеде жарық көрген «Aqerke» әнінің бейнебаяны себеп болды. Жанкүйерлердің басым бөлігі жаңа туындыны жылы қабылдағанымен, кейбір қолданушылар әншіге сын айтты.

Пікірлерде Димашқа «жақсы продюсердің жоқтығы», өз әндерінің аздығы, сондай-ақ опералық және классикалық вокалды шамадан тыс қолданатыны жөнінде ескертулер айтылды.

Әнші көп күттірмей Instagram парақшасында бейнеүндеу жариялап, қолдау білдіргендерге де, шынайы пікірін айтқан сыншыларға да алғыс білдірді. Ол барлық сын-ескертулерге егжей-тегжейлі жауап берді. Айтуынша, жаңа өңдеумен ұсынылған халық әні «Aqerke» қазақ мәдениеті мен әлемдік аудитория арасындағы көпір болсын деген ниетпен дайындалған.

«Жаңа ғана жарық көрген «Aqerke» әнінің бейнебаянының астына жазған пікірлеріңізді мұқият оқып шықтым. Қолдауларыңыз үшін де, шын жүректен айтқан сындарыңыз үшін де алғыс айтамын. Бұл жұмыс мен үшін ерекше. Мен заманауи стиль элементтері үйлескен музыканы әдейі таңдадым. Халық әнін өзгертуді мақсат еткен жоқпын. Керісінше, оны заманауи үлгіде орындап, әртүрлі елдегі тыңдармандарыма жақын әрі түсінікті еткім келді», – деді өнер иесі.

Өз әндерінің аздығы және опералық музыкаға жақын екені жөніндегі сындарға жауап берген Димаш сахнадағы он жыл ішінде классикадан бастап рэпке дейін түрлі жанрда өнер көрсеткенін еске салды.

«Менің репертуарымның негізін өзімнің авторлық әндерім немесе өзім продюсерлік еткен шығармалар құрайды. Осы он жыл ішінде олардың бірқатары шетелдік тыңдармандар арасында танымал болып, халықаралық чарттарға енді және өз бағасын алды. Мен үшін ең үлкен марапат – әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдардың менімен бірге қазақ тіліндегі әндерді айтуы», – деп атап өтті әнші.

Димаш Азия, Еуропа және Америкадағы көрермендерді қазақтың дәстүрлі және заманауи музыкасымен таныстыруды өзі үшін үлкен мәртебе санайтынын айтты. Сондай-ақ ол ешқашан «бір күндік хиттерді» мақсат етпегенін, оның орнына әрбір туындысына жанын салып, барынша кәсіби деңгейде жасауға ұмтылатынын жеткізді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕң үлкен азапты жақын адамыңнан көресің: Роза Әліқожа көзге шөп салу мен ажырасқан әйелдер жайлы жазды
Next Article Айтар сөзім аз емес: тұңғыш қызының тойына шақырылмаған Сәбит Әбдіхалықов ауыр тағдыры жайлы жазды

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.