Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»Айтар сөзім аз емес: тұңғыш қызының тойына шақырылмаған Сәбит Әбдіхалықов ауыр тағдыры жайлы жазды
Шоу бизнес

Айтар сөзім аз емес: тұңғыш қызының тойына шақырылмаған Сәбит Әбдіхалықов ауыр тағдыры жайлы жазды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы03.08.2026596
Коллаж: Ozgeris.info

Қазақстандық актер Сәбит Әбдіхалықов жүрекжарды жазба жариялап, өмірден түйген ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Өнер иесі уақыт өткен сайын адамның өмірге деген көзқарасы өзгеретінін айтып, бүгінгі күні ең үлкен байлықтың атақ пен дүние емес екенін жеткізді.

«Алланың қалауымен бүгін елу үш жасқа толдым. Жас ұлғайған сайын уақыттың қалай өткенін емес, өмірдің нені үйреткенін көбірек ойлайсың екен. Кеше ғана армандап жүрген күндер бүгінде естелікке айналыпты. Қуаныш та көрдік, қиындық та көрдік. Бірі қанаттандырды, бірі шыңдады. Сенім артқан адамдар да болды, сенімді ақтамағандар да кездесті. Бірақ уақыт өте келе бәріне ренжімейсің, бәріне ризашылықпен қарай бастайды екенсің. Өйткені адамның мінезін де, өмірдің мәнін де сынақ ашады. Осы жасқа жеткенде түсінгенім – өмірдің шынайы байлығы жиған дүниеде де, алған атақта да емес екен. Адамның байлығы – деннің саулығы, отбасының амандығы, ата-ананың берген тәрбиесі, перзенттің күлкісі, достың адалдығы, елдің ықыласы екен. Қалғанының бәрі уақытпен бірге өзгереді», – деп жазды актер.

Сәбит Әбдіхалықов өткен өміріне өкінішпен емес, шүкіршілікпен қарайтынын айтып, өзіне қолдау көрсеткен жандарға алғысын білдірді.

«Бүгін өткен өміріме өкінішпен емес, шүкіршілікпен қараймын. Себебі әрбір басқан қадамым, әрбір жеңісім мен жеңілісім, әрбір қуанышым мен қайғым мені бүгінгі қалпыма жеткізді. Алла Тағала осындай ғұмырды нәсіп еткеніне шүкір. Ата-анамның ақ батасына, отбасымның тірегіне, туған-туыс, дос-жарандарымның ықыласына, әріптестерім мен мені құрметтеп жүрген барша жандарға ризамын. Алла алдағы өмірімде де елге адал қызмет етуді, өнерге шынайы еңбек етуді, жақсылық жасаудан танбауды нәсіп етсін. Денімізге саулық, жүрегімізге иман, шаңырағымызға амандық, елімізге тыныштық берсін. Елу үш – өмірдің тоқырауы емес, кемелдікке бастар белесі. Әлі де үйренеріміз көп, атқарарымыз көп, айтар сөзіміз де аз емес. Шүкір! Барлық мақтау бір Аллаға!» – деді ол.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Менің жетістігім»: Димаш Құдайберген желідегі сынға алғаш рет жауап берді
Next Article Түрмеден шыққандардың жұмысы: Қоғам белсендісі түрлі мамандық иелерін қорлаған асабаны қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

Оқи отырыңыз...

«Ғашықпын саған, ғажабым»: Олжас Абай Дариға Бадықоваға сезімін ашық жеткізді

09.09.202636

«Дінге емес, радикализмге қарсымын»: Баян Алагөзова діндарлардан кешірім сұрады

09.09.202632

«Өз қателігімді мойындаймын»: Нұртас Адамбай қателігін мойындап, халықтан кешірім сұрады

08.09.2026265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 689

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 273

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 400

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 365

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 980

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 855

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 734

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 706

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 572

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 364

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.