Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Алматының Наурызбай ауданында жаңа мектеп-интернат пен 3 балабақша салып жатыр
Жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында жаңа мектеп-интернат пен 3 балабақша салып жатыр

Марья АйдарбаеваМарья Айдарбаева05.08.20266

Наурызбай ауданында жаңа мектеп пен балабақша салынып жатыр. Аудан әкімдігі мен Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында осы әлеуметтік инфрақұрылымды журналистерге көрсетті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Ауданды дамытудағы басым бағыттың бірі – тұрғындарды сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Осы мақсатта қосымша мыңдаған оқушы мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне орын ашуға мүмкіндік беретін жаңа білім беру нысандары бой көтере бастады.

Қазір 340 орындық жатақханасы бар №15 мектеп-интернат толық дайын, оны алдағы қыркүйек айында пайдалануға бермек ойда. Сонымен қатар №174 мектеп-гимназиясына жапсарлас салынып жатқан 375 орындық қосымша ғимарат та салынып бітіп қалыпты. Ол да осы қыркүйекте ашылмақшы.

Сонымен қатар ауданда мектепке дейінгі білім беру мекемесін салу жағы да қолға алынды. 2026 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін үш балабақшаның құрылысын аяқтау жоспарланған. Оның ішінде Нұрлы Дала мен Құрамыс шағын ауданында әрқайсысы 320 орындық екі балабақша, сондай-ақ Қалқаман шағын ауданында 240 орындық бір балабақша бар.

Сонымен бірге пайдалануға бес мектеп берілді: Alem City тұрғын үй кешенінің жанындағы 1 200 орындық №41 мектеп, «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешеніндегі 1 500 орындық №214 мектеп, Сабденов көшесіндегі 2 500 орындық №221 мектеп, Құрамыс шағын ауданындағы 1 500 орындық №219 мектеп пене «Алма Сити-3» кешеніндегі 1 200 орындық №223 мектеп.

Бұдан бөлек, Шұғыла шағын ауданында 320 балаға арналған №202 балабақша өз жұмысын бастады.

Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаеваның айтуынша, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – Алматының ең қарқынды дамып келе жатқан ауданының біріндегі ең негізгі жұмыс екен. Жаңа мектеп пен балабақшаның салынуы оқушы орнының тапшылығын азайтуға, жаңа шағын аудандардың тұрғындары үшін білімнің қолжетімділігін арттырып, балалардың сапалы білім алып, тәрбиеленуіне қолайлы жағдай жасауға сеп болмақшы.

Алматы балабақша мектеп Наурызбай ауданы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article3,1 млрд теңге: «Семей орманы» қаражатты қайтару үшін «Қазақтелекоммен» соттасып жатыр
Next Article Қазақстандық спортшылар АҚШ-та суға жүзуден 13 алтын медаль жеңіп алды

Оқи отырыңыз...

2,3 трлн теңгелік дау: Қазақстан NCOC-тан айыппұл өндіріп алуды уақытша тоқтатты

09.09.20263

Бибісара Асаубаева Үндістанда 6 партия қатарынан жеңіске жете алмай келеді

09.09.20263

«Жұлдызы жанған Жезқазған»: Жезқазған қала күнін атап өтті

09.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 688

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 270

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 399

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 365

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 978

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 853

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 733

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 705

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 571

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 364

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.