Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Тойдағы төбелес: Көкшетауда жас жұбайлар уақытша ұстау изоляторынан бір-ақ шықты
Қоғам

Тойдағы төбелес: Көкшетауда жас жұбайлар уақытша ұстау изоляторынан бір-ақ шықты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы07.08.202610
ont.by/ru/kalejdoskop

Көкшетауда неке қию рәсімінен кейінгі мереке жас жұбайлар үшін полиция бөлімінде аяқталды. Полицияның мәліметінше, мас күйдегі күйеу жігіт әйеліне қол көтеріп, кейін уақытша ұстау изоляторында да тәртіп бұзып, қолжуғышты сындырған, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған Muztaumedia.kz.

«102» арнасына Көкшетаудағы қоғамдық орындардың бірінде өзін агрессивті ұстаған ер адам туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция жасағы дереу жеткен.

Полицейлердің анықтауынша, полицияға немқұрайлы қарамаған кәмелетке толмағандар хабарласқан. Олар тәртіп бұзған азаматты көрсетіп, оның мас күйде болғанын, өзін агрессивті ұстап, жанындағы әйелді ұрғанын айтқан.

«Кәмелетке толмағандардың дер кезінде хабарласуының арқасында полицейлер құқыққа қайшы әрекетті жедел тоқтатып, бұдан да ауыр салдардың алдын алуы мүмкін болды», – деп мәлімдеді полиция.

Ұстау кезінде ер адам балағат сөздер айтып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған және медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Осыған байланысты оған әкімшілік хаттама толтырылды.

Ал оның жұбайы да медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес орташа дәрежеде мас болған. Ол қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілгеннен кейін де тынышталмай, ондағы қолжуғышты сындырған. Осы әрекеті үшін оған ұсақ бұзақылық бойынша жауапкершілік жүктелді.

Бұдан бөлек, сот ер адамға билік өкілін қорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр.

Кейін полицейлер ерлі-зайыптылардың дәл сол күні ресми түрде некесін тіркегенін анықтаған. Салтанатты рәсімнен кейін олар бұл күнді атап өтуді ұйғарған. Алайда ішімдік соңы жанжалға ұласып, полицияның араласуына себеп болған.

«Кәмелетке толмағандардың дер кезінде хабарласуының арқасында құқыққа қайшы әрекеттердің жолы кесіліп, бұдан да ауыр салдардың алдын алу мүмкін болды», – деп хабарлады полиция.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМарқұм Нұрай Серікбайға қатысты ауыр пікір жазған азамат ұсталды
Next Article Қызылордада заңсыз алтын өндірумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619

Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

23.10.2026552

«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)

23.10.20261 045
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026350

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.