Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Ел тұрғындарының 85,7%-ы президент Тоқаевқа сенеді
Басты ақпарат

Ел тұрғындарының 85,7%-ы президент Тоқаевқа сенеді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы10.08.20262
Фото: Ақорда

фото: Ақорда

Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентіне сенім жоғары деңгейде сақтала отырып, 85,7%-ды құрады. Әлеуметтанулық сауалнама 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында Демократия институтының қаржыландыруы негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрайды.

Сауалнамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты. Зерттеу 18-29 аралығындағы жастардың Президентке жоғары деңгейде сенім білдіретінін анықтады. Осы жас тобындағылардың 90,1%-ы («ия» және «ия деуге болады» жауаптарының ортақ көрсеткіші) Президентке сенім артатынын білдірді. Бұл сауалнамаға қатысқандарды жас санаттары бойынша талдағандағы ең жоғары көрсеткіш. Білім деңгейі – саяси сенімнің маңызды көрсеткіштерінің бірі: азаматтардың білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, олардың Президентке деген сенімі де соғұрлым жоғары. Мысалы білім деңгейі төменірек респонденттер арасында сенім 81,8%-ды құраса, жоғары білімді азаматтар арасында бұл көрсеткіш 89,7%-ға жетіп отыр. Халықтың Мемлекет басшысына деген жоғары сенімі мемлекеттің даму бағытын жоғары деңгейде қолдауымен тығыз байланысты.

Мемлекеттің даму бағытына да халықтың басым бөлігі қолдау білдіріп отыр. Атап айтқанда 81,5% қазақстандық мемлекет дұрыс бағытта дамып отыр деп санайды. Елдің даму бағытын қолдайтындардың әлеуметтік-демографиялық портреті Президентке сенім білдіретін қазақстандықтардың портретіне ұқсас. Мысалы, 18-29 аралығындағы жастар мемлекеттің даму бағытын ең жоғары деңгейде қолдайтын топты құрайды. Олардың 85,4%-ы мемлекет дұрыс бағытта дамуда деп санаса, бұл көрсеткіш жас шамасы ұлғайған сайын төмендей түседі. Көрсеткіш төмендегеніне қарамастан, ол бәрібір жоғары деңгейде сақтала отырып, жасы ең үлкен респонденттер тобында 76,9%-ды құрайды (60 жастан асқандар).

Президентке сенім білдіретіндер арасында білім деңгейі бойынша жоғары білімділер ең жоғары көрсеткішті құраса, Қазақстанның даму бағытын дұрыс деп санайтындардың да ең жоғары үлесі жоғары білімді азаматтар арасында тіркеледі (86%). Жалпы алғанда, Президентке деген сенім деңгейіне де, елдің даму бағытын қолдау деңгейіне де әсер ететін негізгі факторлар ретінде респонденттердің жас ерекшелігі мен білім деңгейі анықталып отыр. Сонымен қатар, бір қызығы, зерттеу нәтижелері Президентке деген сенім мен елдің даму бағытын қолдауға қатысты ерлер мен әйелдердің, сондай-ақ қала мен ауыл тұрғындарының көзқарастарында елеулі айырмашылықтар жоқ екенін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері елдің әлеуметтік-саяси даму бағытын барынша оң бағалайтын азаматтардың әлеуметтік санатын анықтауға мүмкіндік берді.

Олар мемлекеттік бастамаларды одан әрі ілгерілетудің әлеуетті тірегі бола алады. Бұл санатты жас қазақстандықтар мен жоғары білімді азаматтар құрайды. Респонденттердің жынысы мен тұрғылықты жері (ауыл/қала) айтарлықтай әсер ететін фактор ретінде қарастырылмайды. Мұндай үрдіс жастар арасында мемлекетке институционалдық сенім деңгейінің жоғары екенін, қазіргі қоғамдық-саяси күн тәртібіне көбірек қызығушылық танытатынын, сондай-ақ олардың елдің одан әрі өзгеруі мен дамуына қатысты үміттерінің жоғары екенін көрсетуі мүмкін. Елдің қазіргі даму бағытын қолдайтын азаматтар арасында жоғары білімділердің басым болуы эмоционалды сенімнен рационалды сенімге көшуді көрсетеді.

Азаматтар нақты оң өзгерістерді көріп, реформалардың нәтижелерінің өз өмірлеріне жағымды әсерін сезінгендіктен Президенттің бағытын қолдайды. Президентке деген қоғамдық сенімнің жоғары деңгейі мен елдің даму бағытына берілген оң бағаның үйлесуі қоғамдағы жоғары деңгейдегі консолидацияны, әлеуметтік оптимизмді және қоғамдық-саяси тұрақтылықтың әлеуетін көрсетуі мүмкін.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТүсім 1,5 млн доллар: Алматы облысында биыл 100 мың тонна алма жиналады
Next Article Ақтөбе облысында тойға келген 26 жастағы қонақ жігітті ұрып өлтірді

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026369

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026376

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.